» » Биоқоспаның пайдасы бар ма?

Биоқоспаның пайдасы бар ма?

Бұрын-соңды денсаулықтың қадіріне жете бермеген бізге карантин көп нәрсені үйретті. Пандемия алқымнан алғанда сырқаттанған таныстуыстан бірінші саулық сұрап, қандай дәрі іштің, қалай айықтың дейтін болдық. Сонда бір орта жастан асқан апамыз ел аузында «БАД» аталып кеткен биологиялық белсенді қоспаларды жиі тұтынатынын, өзін үнемі жеңіл әрі ширақ ұстайтынын айтып таңғалдырды
Иә, бұл індет жас пен кәрі, бай мен кедей таңдаған жоқ. Қанша күтіндік дегенмен ауру айтып келмейді. Кез келген дертке төтеп беретін мықты иммунитет. Ол бір-екі айдың ішінде емес, адам дүниеге келгеннен, ана құрсағында жатқаннан қалыптасады. Денсаулық мықты болуы үшін бала кезден тамақтану тәртібіне көп мән беру абзалырақ тәрізді. Қазір тіпті кішкентай балалардың өзі газдалған сусын мен қытырлақ нан жесе, жұмысбасты, күйбең тірлік деп жүрген адамдар жартылай фабрикат, тез даярланатын тағамдарға құмар. Ал күнделікті тұтынатын ас мәзірінде 600-дей нутриент болуы қажет екен. Бұл көрсеткішті көпшілік жеткілікті тұтына алмайды. «Сондықтан барлық ағзаға қажетті дәруменді бір толтырайын» деген сеніммен биологиялық белсенді қоспаларды қолдануды әдетке айналдырған. Иммунитетті көтеру үшін не істейміз? Дұрыс тамақтану керек екені белгілі, әрине. Бұрын ата-әжелеріміз етті отқа қақтап жеген. Ал қазір олай жесе асқазаны қорытпайды. Демек, адамның физиологиясы заманға сай өзгереді. Ешбір қоспасыз, табиғи өнімді тұтынғанды жөн көретіндер де баршылық. Дегенмен осы кезеңде қосымша БАД қабылдау өте қажет тәрізді.
Қазір биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы артып тұр. Әлемторды ақтарсаң бірінен-бірі өтеді. Құдды қазір ішсең керемет боп кететіндей әсер сыйлайды. Бірақ оны тұтынып пайдасын көріп жүргендер де, қыруар қаржыға тапсырыс беріп, нәтижесінде дертіне дерт жамағандар да бар. Осы орайда биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зияны туралы мына бір пікірлерге зер салсақ.
– Мен жиырма жылдан аса түрлі компанияның өнімін тұтынып келемін. Нәтижесінде менде шаршау деген мүлде жоқ. Сондай-ақ зейнет жасында болсам да дәрігер жағалап, дертіме ем іздемедім. Өзім тұтынатын өнімдерді балаларым мен немерелеріме де күз, қыс, көктемде тұрақты беріп тұрамын. Себебі осы кезеңде адам ағзасында қажетті дәрумендер азаяды. Ал жазғы маусымда жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдерін көбірек пайдаланамыз. Биологиялық белсенді қоспалар кешенді дәрумендердің қатарын толықтырады, – дейді кент тұрғыны Ғалия Айдарқызы.
Бұл ретте аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Парида Сарыбаева емдік қоспалар жайында былай дейді.
– Дәрілік заттар туралы заңның 1-бабының 6-тармағында ББҚ-ға былай түсініктеме берілген. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – фармалогиялық белсенділікке ие болатын және аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын (витаминдер, витамин тәрізділер, макро және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және тағы басқа) табиғи немесе олармен бірдей биологиялық белсенді заттардың концентраттары. ББҚны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда оның қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Тамақ өндіру барысында шикізат бірнеше мәрте өңделгендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданады. Биотехнологтардың зерттеуіне сәйкес, қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді. ББҚ-ның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің өзінде медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда ББҚ-ны дәрі-дәрмектен бөлек тағайындайды. ББҚ-ны немесе құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні дәрімен қатар қолданар алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға арналмаған. Дәрі-дәрмектің ішіндегі немесе сыртындағы нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Айта кетерлігі, құрамында ББҚ бар дәрілер тек аурудың алдын алу үшін қолданылады, – дейді ол.
Әлемде «БАД»-ты тұтынуда Жапония мен АҚШ алдыңғы орында. Қазір түрлі атаумен шығатын, желілік маркетинг арқылы сатылатын ББҚ көптігі соншалық, көз сүрінеді. Бірінің нарыққа шыққанына 80 жылға жуықтаса, енді бірінің сатылып жатқанына 8 ай. Қыруар қаржыға сатып алып, «көмектеспеді» деп жүргендер бар. Бір қорабын ғана ішіп, «Тәуір болдым» дейтіндер де табылады. Дегенмен ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеніміз дұрыс.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

03 қараша 2020 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031