» » Жігерлі Жансая

Жігерлі Жансая

Өрт сөндіру бөліміндегі құтқарушылардың жұмысы шақырту қабылдаудан басталады. Кез келген оқыс оқиға дұрыс қабылданып, сауатты жетуінде. Кезекші радиотелефанист ағаттық жіберсе, бүкіл бөлім қызметкерінің жоспары бұзылады. 101 телефонына түрлі шағым айтып қоңырау шалатын көп. Тіпті жалған ақпарат айтатын да жиі жолығады. Сол себепті қоңырауды қабылдайтын маманның шебер әрі сауатты болуы шарт. Психологиялық кеңес беретін қабілеті жетік болса тіпті жеңіл. Тұрғынның ауладағы қоқысы жанып жатса, «үйім өртенді» деп шақыртуы әбден мүмкін. «Өртеніп жатқанда несін тәптіштеп сұрай бересіңдер» дейтін де табылады. Оқиғаның жай-жапсарын толық түсіндірмей, радиотелефонист жіті түсінбей жұмыс нәтижелі болмайды. Өрттің түріне қарай құрал-сайман мен көлік дайындалады.
Біз арнайылап барғанда аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің қабылдау пунктінде талдырмаш келген, жүзі жадыраған жас қыз отыр екен. Өзін Жансая деп таныстырды. Қызметінің қыр-сырын толық білетіні көрініп тұр. Сұрағымызға емін-еркін отырып тұшымды жауап қайтарды.
Кіл ер азаматтың ортасында жүрген жігерлі Жансаяның жұмысына деген жауапкершілігі жоғары. Небәрі 22 жастағы шиелілік бойжеткеннің таңдаған мамандығына сай жұмыс істеу үшін бұрын-соңды көрмеген ауданға келіп, етене сіңісуі жүректілік бе дерсіз.
– Ұлдардың ортасында өскен жалғыз қыз болғандықтан ер балалармен тез тіл табысамын. Бөлімге Еркебұлан Қорықбаев басшылық етеді. Ұжым қызметкерлерінің дені жастар. Бәрі бауырындай жақын тұтады. Еркелеп, есіріп кететініннің қатарынан емеспін. Ойымды ашық айтамын. Адалдықты сүйемін. Осы өңірге келіп, алғаш еңбек жолымды бастағаныма да 2 жыл өтіпті. Бастапқыда оңай болмады. Білмегенімнің бәрін аға-апайларым үйретті. Қазір сол кісілермен тең дәрежеде қызмет етіп келемін. 101 телефонына қоңырау шалған адамның қандай мақсатта, нендей шағыммен хабарласқанын даусы арқылы анықтаймын. Әзірге жұмысым үшін ескерту алған емеспін. Бөлімше командирімен байланыста отырамын. Салғырттықты сүймейтін салаға аса қырағылық керек, – дейді азаматтық қорғау кіші сержанты.
15 қазан 2019 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 389
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930