» » Жақсы ой да жартылай жеңіс

Жақсы ой да жартылай жеңіс

Адам баласының баға жетпес байлығы –денінің саулығы. Денсаулықты біз ақшаға сатып ала алмаймыз. Денің сау болса, бар жақсылық атаулыға өз күшіңізбен жете аласыз. Алайда денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана түсінетініміз бар.
Қазақ әрдайым «Дені саудың – жаны сау» деп, медицинасыз-ақ халықтық ем-дом жасаған. Бала жастан дене тәрбиесін арнайы сабақ ретінде оқымай-ақ баса назарда ұстаған. Бұған біз халықтың ұлттық ойындарын айта аламыз. Мәселен, қазақтың «Бәйге», «Көкпаp», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық ойындары балалаpдың еңбекке деген қаpым-қатынасы мен қабілеттеpін аpттыpып қана қоймай, денсаулығына да ерекше әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тазалыққа мән беру,  күн шығысымен ерте тұру, табиғатпен тығыз байланыста болу сынды қарапайым да пайдалы қағидаларды бұлжытпай орындаған. Соның арқасында бабаларымыз батыр, бай-қуатты болған. «Тазалық – саулық негізі» дегендей, ауырмаудың бірден бір жолы – тазалықты, гигиена талаптарын жіті сақтап, өзімізге ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды қарастыру.
Денсаулық – тән мен рухани саулықтың үйлесімі. Тән саулығы үшін денемізді бір қалыпта ұстап, салауатты өмір салтымен айналысып, дұрыс тамақтану қажет. Ағзаға қажетті дәрумендер қабылдап, еш жеріміз ауырмаса да жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп тұрған абзал. Ал, рухани саулық адамдардың бір-бірімен жылы сөйлесуі, бірін-бірі сыйлауы, материалдық дүниеге салынбай, пенделік ойлардан аулақ болуы. Өзінің елін, жерін сүйе білуі, халқын қадірлеуі. Тән саулығы мен жан саулығы үйлесіп тапса, өміріміз сәнді де мәнді болмақ.
Дүниенің дүйім жұртын дүрліктірген коронавирус біздің елімізге де лаңын салды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп таныды. Аурудың қоздырғышы, яғни вирус бұрын-соңды тіркелмеген, танылмағандықтан елді әлекке салғаны жасырын емес. Бірақ жағдай тұрақталып, медицина саласының өкілдері басын бәйгеге тігіп жүргені дерттің бетін қайтарды.
Бір ескерерлігі, алдын алу шаралары белгіленіп, карантин талаптарын сақтап, үйде отырдық. Қазір елімізде жағдай тұрақталып, жұмыс істеп жатқандарымыз да бар. Оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту жүйесіне ауысып, білім алуда. Пандемияға, дертке шалдықпаудың қарапайым шарттарын орындап отырсақ, бұл ауру ешкімнің есігін қақпасы анық. Ол үшін тазалық талаптарын сақтап, дұрыс тамақтанып, медициналық бетперде тағып, белгіленген арақашықтықты сақтауымыз қажет. Үйді шаң тозаңнан тазартып, терезені ашып желдетіп алған абзал. Мүмкіндігінше сыртқа шықпау, адам көп шоғырланатын алаң, сауда орталығына бармаған жөн.
Қазақ елі бұдан да қиын белес пен асудан өткен халық. Бұл кеселден де еліміз аман, бауырымыз бүтін шығатынына сенемін. Карантиндік шектеулерге құлақ асып, бойымызды, ойымызды сергек ұстайық. Денсаулықты барында қадірлей білейік. Жақсы ой ойлайық.

Мирамкүл ЕРМЕКБАЕВА,
 №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
27 қазан 2020 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031