» » Тұрғындар назарына

Тұрғындар назарына

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мамыражай маусымның ортасынан бастап көптеген демалыс, ойын-сауық орындары ашылғаны белгілі.
Өкінішке қарай, елдегі эпидемиялық жағдай тұрақталмай тұр.
Бүгінгі таңда аудан бойынша науқастар саны 22-ге жетті, оның ішінде 9 науқас симптомды белгілерімен, 13 науқас симптомсыз белгілерімен тіркелген.
Бұл эпидемиядан сақтану біздің ортақ міндетіміз екендігін естен шығармайық. Қонаққа барудан және отбасылық мерейтойлардан, сонымен қатар адамдардың көптеп топталып жиналуынан бас тарта тұру қажет. Тәуекел әлі де бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, Өзіңіздің және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз.
Карантиндік режимнің тезірек аяқталуы үшін аудан тұрғындарының сақтық шараларды қатаң сақтауы баса назарға алынатыны айқын.
Індетті жұқтырып алмау үшін ең оңай, қарапайым ғана амалдарды сақтауымыз керек. Осы ретте аудан тұрғындары осалдық танытпай, бетперде киіп, жауапкершілікті сезініп, әрбіріміз сақтық шараларын қатаң ұстанып, оны күнделікті өмірде бұлжытпай орындайтын үйреншікті қалыпты әрекеттердің біріне айналдырайық. Қоғам саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларына баса назар аударған абзал. Жеке адамның жауапкершілігі – жалпы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармайық. Тұрғындар қарым-қатынаста санитарлық-гигиеналық нормаларды және жеке басының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтауды үнемі назарда ұстауы керек. Сол кезде барып елімізде вирус жұқтырғандар саны азаяды. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінгенде ғана нәтиже болмақ. Ендеше, әркім денсаулықтың қадірін ұғынып, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегені» жөн.

Құрметті қармақшылықтар!
Елімізде карантиндік шектеу шараларының созылуы мен күшейтілуі аудан тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолға алынды.
Сонымен бірге, ауданымызда көктемгі егіс науқаны аяқталып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жобалар жүзеге асуда.
Қабылданған шешімдердің барлығы да тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті шаралар болып табылады.
Баршаңызға шектеу шараларының уақыты аяқталғанша түсіністікпен қарап, көпшілік жерге бармауды, аса қажет болмаса үйден шықпауларыңызды сұраймыз.
Өзіңізге және жақыныңызға жанашыр болыңыздар!
Біз вирусты жеңеміз! Біз біргеміз!

Мұса ҚАЛДАРБЕКОВ,
аудан әкімі

20 маусым 2020 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930