» » » ОЙЫН ОЙДЫ ӨСІРЕДІ немесе ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА КӨЗҚАРАС ҚАЛАЙ?

ОЙЫН ОЙДЫ ӨСІРЕДІ немесе ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА КӨЗҚАРАС ҚАЛАЙ?

Ұлттық ойындар – сонау ежелден ата-бабаларымыздан бізге жеткен мұра, ұлтымыздың өткені мен бүгінін байланыстырған асыл қазына. Расында, ұлттық ойындар адам баласын жігерлік пен батылдыққа баулиды. Сонымен қатар, денсаулықты нығайтып, жеңіске деген жігерлікке шыңдайды. Сондықтан осындай ойын түрі адамзат баласы үшін ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі десек артық айтқандық емес. «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар. Оның ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», – деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, қазақ ұлтының тұмса тарихында ұлттық ойындардың сан алуан түрін кездестіреміз.


Міне, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық ойындар арқылы бүгінгі ұрпақ шынығып, бойындағы табиғи дарынын шыңдай түсуде.
Сондай-ақ, білім саласында этнопедагогика деген ұғым бар. Осы ұғымның негізгі мақсаты – ұрпаққа ұлттық тәрбие беру. Тәрбие беру арқылы ежелден ата-бабаларымызбен осы күнге дейін жеткен салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ұлттық ойындарды ұрпақ санасына сіңірту. Этнопедагогика өндіріс немесе экономика сынды ғылымдардай емес, өркениеттілік арқылы дами отырып, ұрпақ санасында қалыптасады.
Қазақ Ұлы халық. Оның мәдени мұрасы да бай. Сондай мәдени мұралар арасында ұлттық ойындардың өзіндік тарихи және даму жолы әр қилы. Қазақ халқы сол замандарда сүйіп ойнаған ұлттық ойындар асық ату, садақ тарту, жамбы ату, күрес, қыз қуу, бәйге, құс салу сынды ұлттық ойындары бүгінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуда. Тіпті, осы тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген қазақ ғалымдарының сөзіне сүйенсек, қазақ халқының ұлттық ойындары негізінен аң мен үй жануарының сүйектерімен, тіпті түрлі тастармен ойналған. Осы ойындар арқылы оларды батылдық пен зеректікке, ептілік пен икемділікке үйреткен. Қазақтың ұлттық ойындарына зерттеу жүргізген Алаш арысы Мағжан Жұмабаев ұлттық ойындар халықтық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі екенін, қазақ баласының ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі мен тілдің, тіпті денешынықтыру тәрбиесінің негізі екенін дәлелдеген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт ойындарын халық арасында насихаттауда Қазақстанның этнограф-ғалымдары Б.Төтенаев пен А.Жүнісовтардың 1994 жылы ұлттық ойындарымыздың өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор екенін дәлелдеген «Қазақтың ұлттық ойындары» және «Фәниден бақыға дейін» атты жинақтары жарыққа шықты. Ұлттық ойындар тарихын зерттеп, оны өскелең ұрпақ жадында сақтауда аянбай еңбек еткен М.Тәнекеев, М.Балғынбаев, Ә.Бүкітбаев сынды қазақтың атпал азаматтарының есімдерін атап өткен жөн. Сондай-ақ, ұлт данышпаны Абай Құнабаев, ғалым-ағартушылар Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин де өздері өмір сүрген қоғамда халықтық ойындардың ұрпақ тәрбиесіне аса маңызды екенін жоғары бағалап, оның адамзат өміріндегі атқарар рөліне үлкен мән берген.
Еліміз егемендік алғаннан кейін осы тақы­рыптарда қалам тербеп жүрген қазақ ғалым­да­ры арасында Е.Мұхиддинов, А.Құрал­бекұлы, С.Әкімбайұлы, А.Айтпаевалардың еселі еңбегін жақсы білеміз.
Осы ретте, ауданда ұлттық ойындар түрін өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатына арналған жұмыстар жайлы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әділхан Ерекешовпен тілдескен болатынбыз.
– Ұлттық ойындар ежелден атадан балаға аманат ретінде келе жатқан мирас деп түсінгеніміз дұрыс. Міне, бүгінде осы бабалар аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде ұстанған біздер мектептерде денешынықтыру сабақтарында сабақтық кестеден тыс оқушыларға арқан тарту, қол күресі, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, дойбы сияқты ерте заманда аталарымыз ойнаған ұлттық ойындарды үйретудеміз. Нәтиже де жаман емес. Шәкірттеріміз аудандық, облыстық жарыс­тарда жүлдегерлер қатарынан көрінуде, – деді Әділхан Ерекешов.
Ал, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаевтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде ауданымызда ат спорты жақсы дамып келеді екен. Сондай-ақ, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату және басқа да ұлттық ойындар бойынша арнайы жауаптылар жоқ болғанымен, өздерінің жеке ынтасымен өңірімізде ұлттық ойындарды дамытуға атсалысып жүрген азаматтар жеткілікті. Аудандық денешынықтыру бөлімі алдағы уақытта ұлт ойындарын аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында секциялар ашып, жарыстар өткізуді жоспарлауда.
Иә, қазақ халқы сонау ықылым заманнан өміріне серік етіп келе жатқан халықтық ойындар жайлы Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да, күні кешегі «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында да атап өтті. Атап өтті дейміз-ау. Оны жүзеге асырудың жолдарын түсіндіріп, іске асыруды тапсырды. Бұл дегеніміз ежелден атадан балаға мирас болып келе жатқан Ұлы Даланы мекен еткен қазақ ұлты үшін құнды екені рас.
Жеті атаның қадірін ұрпағының жетесіне жеткізе түсіндірген қазақ ұлты өзінің әлемдегі қаны таза халық екенін тағы бір дәлелді. Рас, Отан­ды сүймес ұрпақпен ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Біздер, бүгінгі ұрпақ қазақ ұлтын сақтап қалу үшін алдымен ұлттық патриотизміді дамытуымыз керек. Өскелең ұрпақтың санасына өз халқын сүйіп, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын мықтап сіңіруіміз керек. Мемлекет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолына арнаған әрбір Жолдауында қазақстандықтарды, оның ішінде қазақ ұлтын ата-бабалар дәстүрін жаңғыртуда көптеген бағдарлама ұсынып, оның орындалуын өзінің бақылауына алды. Бұл Елбасының көрегендігінің, елге деген жанашылырғының үлгісі деп түйсініміз.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
30 қараша 2018 ж. 3 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031