» » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

Аудан орталығындағы «Сардарбек» балабақшасында балғындар ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындауда. Балабақша әдіскері Қуанышкүл Желдербаева «Біз қазақы тәрбиені, ұлттық құндылықтарымызды тек Наурыз мерекесінде ғана емес, жылдың әрбір күнінде күнделікті қолданып, қазақылығымызды паш етуіміз керек. Бұл – рухани жаңғырудың бір үлгісі», – деді өз сөзінде.
Балалар ұлттық мейрам-мерекеден бөлек те атаулы даталарда түрлі ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен жүздесіп тұрады. Биыл Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата мен Алдар көсені арнайылап алдыртты. 
– Жаңа жылдың өзінде Аяз атаның орнын Қыдыр ата басып келеді. Бұл да қазақы болмысымыздың нығайып, өзгенің қаңсығын таңсық көретін қасиеттен арылып келе жатқанымыз. Сайып келгенде ұлттық бояуымызды қанық қылып, қазақтың ұлылығын баланың бүлдіршін кезінен сіңіргеніміз абзал. Бұл – біздің келер ұрпақ алдындағы міндетіміз һәм миссиямыз, – деді тәрбиеші Эльмира Ермағамбетова.
Ұлттық әуендерді жиі тыңдап, қара жорғаға билеп өскен бала қашан да қазақы тәрбиенің қайнар бұлағынан қанып ішеді. Өйткені, атадан-балаға мирас болып қалған құндылықтар біздің болмысымыздың айнасы. Бұл ретте балабақшаның музыка жетекшісі Гүлзира Исмаилова нәтиженің болатынына бек сенімді.
27 наурыз 2018 ж. 2 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 833
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 556

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930