» » Сенбілікте серпін бар

Сенбілікте серпін бар

Қазақ ықылым заманнан «Тазалық – табалдырықтан басталады» деп тәмсіл етсе, Ислам дінінде тазалықты иманмен теңестіріп, «Тазалық – иманның жартысы» деген. Осыдан-ақ адам өмірінде тазалықтың қаншалықты маңызды екенін байыптауға болады.
Сенбі күні кентімізде санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандырудың міне төртінші аптасы өтті. Әр сенбі сайын көшелер күл-қоқыс, тасталған бос құты мен қураған шөптерден тазартылып сыртқа шығарылуда. Себебі тазалық – күн тәртібінде тұрған бірінші мәселе. Уақыт өте кентіміздің келбеті бір шама оңалғандай. Екі айға созылған тазалық шарасы аудан тұрғындарына жаңа серпін беруде. Аудан әкімінің игі бастамасымен әр мекемеге белгіленген аймақ бүгін міне қоқыстан тазартылып нәтижесін көрсетіп жатыр. Оны көше аралау барысында көзімізбен көрдік. Мәселен кентіміздің бесінші, алтыншы аймағы бұрынғы лас кейпінен әлдеқайда тазарған. М.Әуезов көшесіне шыққан «Толғанай» балабақшасы мен ветеринария бөлімі тазалықты өз деңгейінде орындаған. Балқы Базар, Мұстафа Шоқай көшесін №250 мектептің техникалық қызметкерлері біркісідей жұмыла тазартты. Оған «Октябрь топтық су құбыры» мекемесі басшылығы трактор техникасын ұйымдастырып, қапқа салынған қоқыс пен шабылған шөптерді дереу тиеп әкетіп отырды.
Аудан орталығындағы этносаябақ, ардагерлер аллеясы, жастар саябағы да тазалықтан тыс қалмады. Денсаулық, білім саласы мекемесімен кент әкімшілігі бірлесіп саябақ ішін тазартты. Алайда кей көшелерде сенбілік барысында шабылған шөптер мен қыш үйіндісі үйілген күйінде алынбай қалып жатқан да көріністер болды.
Ағылшын жазушысы Томас Карлейль «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген екен. Айтса айтқандай-ақ, қоршаған ортаның таза болуынан адамзат баласының басты байлығы оңалатыны хақ. Жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсаты – туған жерді түлетіп қолдан келгенше жайқалту. Қашанда халық үшін туған жеріміз – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Сондықтан өз тұрған жеріміздің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат атамекенін қадірлеуге тиіс.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 қазан 2019 ж. 1 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031