» » СЕНБІЛІКТЕ СЕРПІН БАР МА?

СЕНБІЛІКТЕ СЕРПІН БАР МА?

Өңірде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы басталғалы біршама жұмыс істелді. Мұны жергілікті тұрғын мен еңбек ұжымдарының белсенділігінен анық аңғарасың. Әр сенбіде сенбілік жұмыстар жалғасын тауып, талай тірліктің басы қайырылуда. Иә, туған жердің тазалығы күн тәртібіндегі бірінші мәселенің бірі болып тұр. Себебі ол – айналаны қоқыс қалдығынан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игі іс. Ал сіз сенбілікке қалай қарап жүрсіз?
Бекзада ӘШІМОВ, Шиелі кенті әкімі аппаратының жетекші маманы: 
– Аймақта екі ай бойы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы өтеді. 7 қыркүйектен бастау алған науқан барысында әр аптаның сенбі күнін тазалау жұмысына арнау жоспарланған. Қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға, экология мәселесіне көңіл бөлуді мақсат еткен акцияға барлық мемлекеттік және жеке мекемелер толық атсалысуда. Шиелі ауданына қарасты елді мекендер де науқаннан шет қалып жатқан жоқ. Әр тұрғын жұмыла жұмыс істеуде. Таза үй, таза аула, таза көше кімнің де болсын еңсесін көтеріп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сол үшін әр тұрғын сенбілікке салғырт қарамауы тиіс.
Әлішер БЕРЛІБЕК, Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» балабақшасының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
– Таза қаланың тынысы кең. Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне үлесін қосуда. Жалпы қалалық сенбілік қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғам назарын аударту. Әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Қызылорда қаласының тазалығы бұл ретте айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмысын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі. Табиғатты қастерлеу мен бағалау – сенбілік жұмысынан көрінетіні анық.
Бегімай ШАЙМЕРДЕН, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық емханасының мейірбикесі:
– Ауданда санитарлық-тазалық  айлығы аясында сенбілікті бірнеше мәрте ұйымдастыру жоспарланып, тазалық жайы күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды. Жылдағы дәстүрге сай аудан әкімінің игі бастамасымен әр мекемеге белгіленген көшені абаттандыру, тазалау жұмысы қарқынды жүруде. Әр сенбі таңертеңгі сағат 9.00-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдығын шығарып, мекеме ғимаратын әктеп, сырлаған ұжымдастар мен қызметкерлер  ортақ үйдің әсемденуіне жұмыла кіріседі. Алайда әр тұрғын тазалықты үйінен бастап, бір кісідей атсалысса құба-құп болар еді.
Аида РАЙЫС, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық емханасының мейірбикесі:
– Сенбілік басталғалы мекеме қызметкерлерімен бірге аудан тұрғындары да білек сыбана жұмыс істеуде. Тазалықты тек сенбілікке жүктемей әр тұрғын өз ауласынан бастауы керек. Баланың да санасын кішкентайынан тазалыққа бейімдеу қажет. Әрине әр адам туған жердің перзенті. Оны түлету жолында қоғамға қызмет істеуі керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Әр ауданның тұрғыны осылай сенбілікке белсенділік танытса, облыс көркеймей ме? Туған жер гүлденсе – тұрғындар да шат.
Бақытжан ЕСЕТОВА, «Тоғжан» балабақшасының тәрбиешісі:
– Сенбілікте көшелерге бекітілген тиісті мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, қоғам үшін қажетті іске жоғары деңгейде қатысуда. Бұрын күл-қоқыстан көз ашпайтын көшелер қалыпқа келтіріліп, кемшілік түзелуде. «Тазалық – денсаулық кепілі». Ал өмір сүріп отырған айналаң таза болса – көңіл де көтеріңкі. Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Сондықтан туған жердің тазалығына әрбір тұрғын жауапты.
Пікір топтастырған
Айнұр ӘЛИ
26 қыркүйек 2019 ж. 1 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031