» » СЕНБІЛІКТЕ СЕРПІН БАР

СЕНБІЛІКТЕ СЕРПІН БАР

Таза үй, таза аула, таза көше кімнің де болсын еңсесін көтеріп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ауласы да, ауасы да таза ортада жүрсең емін-еркін дем алып, өзіңді жайлы сезінесің. Кентімізді таза да көрікті орталыққа айналдыру кезек күттірмейтін күн тәртібіндегі мәселе. Сол үшін жасалатын игі жұмыстың бірі – сенбілік. Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған бұл жұмыстың қарқыны әзірге бәсең емес.
Көгалдандыру және санитарлық таза­лықтың екі айлығы барысында тазалау жұмысына бүгінгі дейін 1500 – 2000-ға жуық адам, 23 техника тартылып, 150 мекеме қызметкері жұмылдырылған. 2375 түп көшет отырғызылып, 1155 метр шарбақ сырланды. 26,5 км арық тазаланып, 375 тұрғын  үй сырты мен 1405 ағаш түбі әктелді. 298 м3 күл-қоқыс шығарылды. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес үш бағытта жедел топ құрылды. Бірлескен рейд тазалық айлығы барысында жүргізілген жұмысты тексеріп отырады. Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері де мекеме алдын ыңғайға келтірген маман, көшесін тазалап жүрген тұрғындармен кездесті. Сенбілік кезінде жағылатын құл-қоқысты қараусыз қалдырмауға, өрттің алдын алуға үгіт-насихат жүргізді. Өткен сенбіде белсенді жастар да қарап қалмады. Жастар мәслихаты депутаттары бастамасымен аудандық статистикалық бөлім қызметкерлері бірлесіп Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан қорым тазаланды. Шөбі шабылып, шарбағы сырланды. Тазалық барысында «Молшылық» дүкенінің иесі барлық құрал-жабдықтармен қам­тамасыз еткенін айтып, қуанды жастар. Осылай әр жерде ұйымшылдықпен көп сүйсінерліктей жұмыстар жүріп жатты.
Дегенмен  көңілге кірбің ұялататын жайттардың да барын айту ләзім. Кент ішін аралау барысында кейбір үйлер мен қоқыс жәшіктерінің жанында әлі де тұрмыстық түрлі қалдықтардың шашылып жатқанына куә боласың. Кент көркін қашырып тұрған нысандар да көзіңе бірден түседі. Аула, көше тазалығын сақтауға кейбір тұрғындардың немқұрайлы қарайтынына қарның ашады. «Ауласы тазаның – ауасы таза» деген қанатты қағиданы тағы бір еске салғымыз келеді. Бәрімізге аудан ортақ, кент ортақ. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатыны да рас. Игі іске бірге жұмылайық. Тазалық табалдырықтан бастау алса деген ниет бар бізде.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
15 сәуір 2019 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031