» » АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ


«Тазалық — денсаулық кепілі» демекші, жалпы тазалық төңірегінде бұл мәселе айта-айта жауыр болғаны шындық. Ауданда басқа бағыттағы жұмыс қарқынды жүргенімен, тазалық мәселесіне келгенде ақсап тұрғаны жасырын емес. Оған себеп — өзіміздің салғырттығымыз. Бүгін әдеттегідей редакция тапсырмасы бойынша көше араладық. Тапсырма — көше тазалығының жай-күйі. Алдыңғы апта сенбіліктің болғаны белгілі. Нәтижесі көңіл қоншытады. Біршама жер айнадай таза. Десе де, кей көшелерде қап-қап болып жатқан қоқыс та жоқ емес. Ескерту тақтайшасы ілінулі тұр. Бірақ, оның маңайы қоқысқа толы.


Күн санап дамып келе жатқан тұрмыс-тіршілігімізге қуана қараймыз. Әйтсе де, сол даму қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Мәселен, дүкен сөресінде самсап тұрған тағамдар мен сусындардың барлығы арнайы қорапқа немесе полиэтилен пакетке түрілген. Бұрыңғы әжеміздің қолдан тіккен өміршең қолдорбасын пакет алмастырды. Сүт, сұйық май, шырын, сусын бәрі-бәрі түрлі қорапқа немесе шыны ыдысқа, қала берді «баклажкаға» құйылған. Міне, ең алдымен ауыл тазалығын ластайтын осы тұрмыстық қалдықтар. Тіпті, кейде екі-үш жігіт тасалау жерде бас қосып сыра ішсе немесе екі-үш бала дүкен алдында балмұздақ жеп, шырын ішсе соның өзі-ақ жетіп жатыр. Өз үй-жайларының айналасындағы көң-қоқысты көше шетіне шығару өз алдына бөлек әңгіме.
Аудан көлемінде көркейту, көгалдан­дыру және санитарлық таза­лық­тың екі айлығы өткені мәлім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші 3500-4000-ға жуық адам білек сыбана кірісіп, оған 41 техника, 171 түрлі сала қызметкері жұмылдырылды. Ал, тазалық барысында 12 580 метр шарбақ сырланып, 92,2 шақырым арық тазаланып, 5250 тұрғын үй мен 12365 ағаш түбі әктеліп, жаңадан 11769 дана көшет отырғызылды. Жалпы 6960 текше метр күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Десе де, кей көшелердің тазармайтын түрі бар. Анау жерде бос бөтелкелер, мына жерде қағаз қалдықтары, ал мына бір жерде қап-қап болған бала жөргектері. Оны барып ит мына жаққа бір, мына жаққа бір тасып әлек.
Жасыратыны жоқ, әрбіріміздің үйімізде кішкентайымыз бар. Олар бір күнде бірнеше жөргек ауыстырады. Ал, бір аптада ол бір қап болады. Мұны қапқа жинап, толған соң көлікке тиеп белгіленген жеріне апарып тастасақ, ал пакеттер көше бойына әрі-бері ұшып жүрмес үшін жанатын қоқыстарды аула бұрышына апарып өртесек нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ, кейде көршілердің түтін иісінен шағымданатыны тағы бар. Хош. Берілген тапсырма бойынша бір емес, бірнеше жерді араладық. Тұрғындардың шығарған қоқысы оңды-солды көше бойында шашылып жатыр. Атын атап, түсін түстемеуді жөн көрдік. Алайда, әрбір ауыл тұрғыны өз үй-жайларының айналасын жинап, жанатын тұрмыстық қалдықты мұқият өртеп, басқа қалдықтарды уақытылы арнайы күл-қоқыс төгетін орынға апарса құба-құп болар еді.
«Ауылына қарап азаматын таны» дейді атам қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауданымызға қызыға қараса мақтаныш емес пе? Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалысайық, ағайын!
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
20 қыркүйек 2018 ж. 5 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031