» » Көше — тұрғынның айнасы

Көше — тұрғынның айнасы

Сенбіліктің екі айлығы осылай басталды. Қазанға қарағанның қасығы бөлек болса да азығы бір деген. Бәрінің илегені бір терінің пұшпағы. Өмір сүрер ортаның тазалығы. Әйтпесе, бұлардікі не жорық деріңіз бар. Тиесілі демалысын сәтті пайдаланбай, көше сыпырып не көрінді? Қыс бойы сіз бен біздің көшеге тастаған қоқысымыздан көшелерді арылту керек. Бастысы сіз бен біздің қоқысымыз.
Әріге барайық. Сенбілік басталмай тұрып, көше тазалығы жайына оралайық. Жосалы кенті орталығында Е.Қайнарбаев атаулы көше бар. Жұрт әдетте Қызылорда көшесі деп атайды. Бұл көшенің тұрғындары ұйымшыл ма, әлде көше комитеті ұсынықты қарекет ете ме, әйтеуір қысы-жазы бұл көше мұнтаздай болып тұрғаны. Не шашылып жатқан қоқыс жоқ, не қоқыс төгіп жатқан кісіні көрмейсіз. Бәлки көше комитеті орайлы жұмыс істер, бірақ көше тұрғынның айнасы деп білетін бұл маңдағылар бірлікпен тірлік етеді. Ұйымдасқан түрде көшені таза ұстайды, өткен-кеткенге қоқыс тастатпайды. Бұл – мысал емес, көпке үлгі тірлік.
Әрине, "өз күніңді өзің көр" дегенді ұран еткендер тек өз дүниесін ұсынақты ұстауға машықтанады. Оларға ортақ меншік деген ұғым жат. Әйтпесе, ауласындағы қоқысты көшеге ысыра салу кімге опа береді? Бізде қалыптасқан бір қасиет осы. Аулам таза болса, көшені тазалайтындар бар ғой. Ахметше айтқанда, "отбасына келерлік бәле болмаса, жұрт басына келерлік бәлені ойлап, уайымдамаймыз". Реті келсе өзіміздікі жөн болса, өзгенікі күл болмаса, бүл болсын.
Аудан орталығының қақ ортасында Ардагерлер аллеясы бар. Бұл орынды таңның атысы мен кештің батысына дейін бір кісі тазалап жүргені. Жұмысы да шығар. Бірақ оны аяп жатқан ешкім жоқ. Кеш батса осы маңайдың жастары жиналады. Аллея ішіндегі орынтаққа жайғасып, пісте шағады, маңайын ластайды. Ішкен сусынның қорабын қоқыс жәшігіне емес, ретсіз аллея ішіне лақтыра салады. Өйткені бұл жастардың тәлімі отбасында беріледі. Әке де, шеше де көшені емес, ауланы ғана таза ұстауға тәрбиелеп отыр. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің".
Сенбілікке редакция қызметкерлері де қатысты. Қаламды қару еткендер арық аршып, көше сыпырды. Бір қызығы, көше тұрғындары журналистерді қызықтап жүрді. Бәлки, тілшілердің күрек ұстағаны қызық болды, бәлки, көше сыпырғаны қызықтырды. Бірақ ешкім арық ішіне толтырған қоқысы үшін налымады. Қысылып, қымтырылғандар да жоқ.
Сенбілікке оралайық, аудан бойынша сенбілікке 10 мыңнан аса адам қатысты. Дені дәрігерлер мен мұғалімдер. Арасында әкімдік қызметкерлері, қітапханашылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Осынша маман (жұмыс істейтін адамдар ғой) 8,5 шақырым көшені, 10,3 шақырым арықты тазартты. Нәтижесінде 1050,3 текше метр қоқыс шығарды. 5143 ағаш әктелді. Осынша жұмысқа 30-ға жуық техника жегілді.
"Көшесіне қарап тұрғынын таны" деген тәмсіл бар. Ал тазалық бұл нақылдың құрамдас бөлшегі. Сіздің көшеңіз – сіздің айнаңыз. Үйдегі айнаның бетін ағал-жағал күйде қоймайсыз ғой. Жалтырап тұруы үшін жиі бетін сүртесіз. Сол сықылды көшенің де тазалығын ойлап қойған абзал.
Мағмар Мақсым.
26 наурыз 2019 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031