» » АСТАНАҒА ӨЗГЕШЕ ТАРТУ

АСТАНАҒА ӨЗГЕШЕ ТАРТУ

Жуырда Жосалы кенті, Жаназаров көшесі тұрғындары «Астананың 20 жыл» мерейтойы қарсаңында Елордаға тарту жасады. Көше тұрғындары бірлесіп, балалар арасында спорттық жарыс өткізді. Көшенің байырғы тұрғыны Кұрмаш әже сөз бастап, жиналған қауымға батасын беріп, қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Жарыс төрт кезең бойынша, атап айтар болсақ қазақша күрес, қашықтыққа жүгіру, арқан тартыс және қол күрес бойынша өтті. Қазақша күрес сайысы бойынша Абдулхамит Жаңабай, Қуаныш Тасберген, Ерасыл Жұмабек, Мирасхан Бақытжанұлы қарсыластарынан оза шауып, өз белсенділігін танытты.
- Бұл мереке бәрімізге ортақ. Сондықтан аз да болса, осылай үлесімізді қосайық деп шештік. Барлығы да балалардың көңілі үшін. Бір серпіліп қалдық. Көше тұрғындары болып балаларды ынталандыру үшін түрлі сыйлық пен тәттілер сатып алдық, - дейді жарысты ұйымдастырушылардың бірі Гүлзат.Шара барысында әжелер сазгер Шәмші Қалдаяқов әндерінен ән орындап, мерекелік думанның көркін одан әрі қыздыра түсті. Жарысқа белсене қатысқан бүлдіршіндердің барлығына көше тұрғындары атынан номинация мен сыйлықтар таратылды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
10 шілде 2018 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728