» » Телефонға тәуелдісіз бе?

Телефонға тәуелдісіз бе?

Телефонға тәуелдісіз бе?

Алғашқы iPhone-ның презентациясында Стив Джобс «Уақыт өте бәрін өзгертетін революция жасайтын өнім өмірге келеді» деген болатын. Одан бері бірнеше жыл өтсе де, телефонның жасап жатқан өзгерістері адам баласының барлығына ұнайды деген шешімге әлі келе қоймадық. Біз өзіміздің бос уақытымыздың жоғын сеземіз, бірақ тиімді жолдар арқылы емес екенін жақсы білеміз. Бір-бірімізбен ылғи байланыста секілдіміз. Дегенмен, жалғыздықты сезінеміз. Бізге еркіндік сыйлаған технологияға байланысты сауалдар туа қалса, ойымыз сан жаққа жүгіреді: гаджеттермен өмірімізді байланыстырған сайын басқару жүйесі кімнің қолына өтіп бара жатыр? Адам әлде технология?
1. Смартфон сізге не үшін керек? 
Адамдардың көбі смартфонға уақытты аз жұмсаймын деп жоспарлағанымен, оны қалай іске асыру керектігінен бейхабар. Барлығының өз уақыты болады. Смартфонды қолдануды тоқтату үшін, өзіңізге тиімді және тиімсіз тұстарын жазып шығыңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, жағымсыз әдеттерді бірте-бірте жоюға тырысыңыз. 
2. Телефонға қанша уақыт жұмсайсыз?
Қазір түрлі бағдарлама мен қосымша бар. Солардың бірін ұялы телефоныңызға орнатып алып, қанша уақыт онлайн режимде өмір сүретініңізді біліңіз. Қанша уақытыңыздың текке кетіп жатқанын көрген кезде көңіліңіз қалуы мүмкін. Есесіне, сізге мотивация беретін, сізді алға жетелейтін көмекші болары анық.
3. Бос уақытыңызды неге арнағыңыз келеді?
Лифтте немесе кезекте тұрғанда бос уақытыңыз болады. Қолыңызға ұялы телефон алмай, оның орнына ойланыңыз. Кешкі уақытта не істеуге болады? Кітап оқығыңыз келсе, оны көру аймағына қойыңыз. Сол кезде ғана оған назарыңыз ауады. 
4. Оффтайм қосымшаларды іске қосыңыз
Антивирус секілді, сіздің телефонға тәуелділікпен күресуге мүмкіндік беретін Freedom, OFFTIME немесе Flipd секілді қосымшалар бар. Бұларды іске қоссаңыз, өзге қосымшаларға, веб-сайттарға кіру мүмкін емес. 
5. Ұялы телефондағы әлеуметтік желі қосымшаларын өшіріңіз
Әлеуметтік желіге тек компьютер көмегімен кіруге тырысыңыз. Әрине, қиынға соғары анық. Дегенмен, сізді смартфонға тәуелді еткен басты дерт – әлеуметтік желі. 
Смартфон интернетсіз қызық емес. Бірақ, әлемде интернеттен де қызық дүниелер барын естен шығармаңыз!
27 ақпан 2018 ж. 1 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031