» » Ұстаз болу – ұста болу деген сөз

Ұстаз болу – ұста болу деген сөз

    «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқандай өркениетті қоғамның қай кезде де болсын толғандыратын мәселесі балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Осы мақсатта «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген даналықтан тағлым алған мемлекетіміз «Педагог мәртебесі туралы Заң» қабылдады.

    Барша ұстаздарды қуанышқа кенелткен Заңның әр ұстазға артар жауапкершілігі зор екенін білемін. Әр ұстаздың жүрегінде өзгенің баласын өз баласындай аялай алатын мейірімі, мөп-мөлдір бұлақ суымен шөл қандырардай терең білімі, өн-бойы тұнған өнегелі әдеп ибасы болуы шарт деп ойлаймын. Өзім сәл кейінге шегініп өз ұстаздарым жайлы ой жүгірттім. Кешегі 70 – жылдардағы мені және менің замандастарымды тәрбиелеген ұстаздарым қандай десеңізші! Сүйікті Қожабаев Қаражан ағайымның өзі тұнып тұрған әдеп энциклопедиясы дер едім. Ешқашан бір шәкірті ол кісінің дауыс көтеріп сөйлегенін естімеген болар. Өте терең білімді Қазақ КСР-інің озат методист мұғалімі, Білім беру ісінің үздігі атанған ұлағатты тұлға ұрпаққа өшпес із қалдырып,            «Сыр Елі – Жыр Елі» мұражайын ашты. Бұл мұражай бүгінде екі дүркін жаңартылып, халыққа қызмет етуде. 
Ақбаев Сүйінбай ағай, Абауов Мәлік ағай, Жүсіпбеков Әліп ағай, Баймырзаев Сәруар ағай, Жалғасбаев Шайхыслам ағай, Жалғасбаев Смайыл ағай, Шоқбаров Шакизада ағай, Мүсіркегенов Қоңырбай ағай, Құлбарақов Есбол ағай, Жұматаев Байұзақ ағай, Тілеуов Сәду ағай, Серімбетов Асанхан ағай, Исаев Аманжол ағай, Қуаңбаев Бөрібай ағай, Жұпар апай, Майтан апай, Жұбанышбекова Рабат апай, Қатира апай, Күләндам апай, Несібелі апай, Үмбіш апай, Керуенбаева Тұрсынкүл апай, Серімбетов Амантай ағай, Кірқабақова Тұрсынкүл апай бұл күнде ұзақ жолға сапар шегіп кетсе де, шәкірт жүрегінде әдемі естеліктерімен қалды. Сондай – ақ алғашқы ұстазым Шәдиева Қуаныш апайдың әр сабағы тұнған өнеге еді. Үбжарова Кенішкүл апай, Жалғасбаева Несібелі апай, Бегімқұлова Шәрбан апай, Байтханова Мехербан апай, Әмзебекова Дариха апай, Боранова Хадиша,Намазова Алмагүл апайларымды есіме алып, әрбір өткізген сабақтарына ой жүгірттім. Ол уақытта интернет жоқ, компьютер, әлеуметтік желі деген ұғым қалыптаспаған, бірақ оқушылардың ынтасы өте зор болатын. Апта сайын «озат үлгерімі үшін», «үлгілі тәртібі үшін», «үлгілі тазалығы үшін» берілетін ауыспалы қызыл туды жеңіп алу әр сыныптың мақсаты болатын. Мойныңдағы қызыл галстук нағыз Отаншылдықтың, асқақ рухтың, бірліктің, достықтың белгісі болатын. Ұстаз айтқан әр сөз – бұлжымас заң болатын. Сол заңды әрбір шәкірт орындауға ынталы еді. Міне нағыз мәртебелі ұстаздар. Олар санға емес сапаға жұмыс жасаған терісті тезге салатын нағыз ұста еді. Оқу орнын бітіріп өзім білім алған мектебіме келгенде де әріптес болып қайта табыстым. Мырзабаев Сұлтанбек ағай, Тоғанасова Бекзада апай, Түкібаева Оразкүл апай, Боранбаева Бақыт апай, Жетпісбаева Ұлбосын апай сынды ұстаздар легі кейінгі толқынмен жалғасып келеді. 
    «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген еді Абай атамыз. Сондықтан әрбір ұстаз ұстазынан алған есті сөзін ескеріп, жауапкершілік қапшығын білімге толтырып, келешектің кірпішін сүріндірмейтіндей білім берсе деп ойлаймын. 
    "Ойлыға дүние – теңіз, ғылым – кеме, Кемесіз терең суға түсем деме" деген өнегелі ұғым – қаруың білім болсын деген сөз. Құрметті әріптестерім алдымызға келген әрбір бала Алланың аманаты. Аманат жүгін адамгершілікпен алып жүрген абзал. Заманымыз тыныш, күніміз жарқын, Бейбіт өмірде берекелі ұрпақ тәрбиелеп, ұстаз атына кір келтірмей әрбір шәкірттің жұлдыздай жарқырауына еңбек етейік.
20 ақпан 2020 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031