» » БІЛІМНІҢ ЖАНЫП ТҰРҒАН ШАМШЫРАҚТАРЫНА АЛҒЫС ХАТ

БІЛІМНІҢ ЖАНЫП ТҰРҒАН ШАМШЫРАҚТАРЫНА АЛҒЫС ХАТ

ЖОСАЛЫ, 10 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Халық батыры Бауыржан Момышұлы атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Ұстаздың берген тәлім - тәрбиесі әрбір оқушының өміріне жол сілтер шамшырақтай болып, үнемі жанып тұрмақ.


Жас ұрпақты тәрбиелеуде үздіксіз қосып келе жатқан мектебіміздің білікті ҰСТАЗДАРЫНЫҢ еңбектері тек қана өрлеу, шығармашылық табыс кепілі ретінде өз нәтижесін көрсетуде. Шәкірттердің құрметі мектеп табалдырығынан қанат қағып, өзіндік тұлға болып қалыптасып, жеткен жетістігіне балаша қуанып, кез-келген бастамамызға қолдау білдіруі ҰСТАЗ ҚАУЫМЫНЫҢ кәсібилік шыңына жеткендігінің айқын көрінісі. 
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан «Биология» мамандығының 2 курс студенті, мектебіміздің 2017-2018 оқу жылындағы түлегі САҒИДУЛЛА АҚМАРАЛ ЖАНДІЛДӘҚЫЗЫНЫҢ (Сынып жетекшісі ШОҚБАРОВА САЛТАНАТ ӘСУАТҚЫЗЫ) жақсы оқу үлгерімімен қатар қоғамдық жұмыстарға қатысып, белсенді студент болып қалыптасқаны үшін университет ректоры, профессор Төлеген Мұхтар Əділбекұлының атынан мектеп ұжымына және мектеп директоры ЖАРАСОВА АҚМАРАЛ ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫНА «АЛҒЫС ХАТ» табысталды. 
«Адамның адамдығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық екендігі белгілі.
10 қаңтар 2020 ж. 1 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031