ҰСТАЗ МЕРЕЙІ
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»,-деп М. Жұмабаев атамыз айтып кеткендей, мектеп – білімнің киелі де алғашқы ордасы.
Бүгінде Бақытбек Әзілханұлы басқарған киелі орда Ақтөбе ауылының №109 орта мектебі ұжымы – ұрпағымыздың келешегі жарқын болуы үшін жас буынға аянбай тер төгіп, білім нәрімен үздіксіз сусындатуда. Білім алуға ұмтылған шәкірттің ынтасын қанаттандырып, сапалы білім беруде. Оны ұстаздардың үнемі ізденімпаздығы мен жетіп жүрген жетістіктерінен анық байқаймыз. Осындай ұстаздарымыздың бірі - мектебіміздің жоғары санатты, озық тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері Әбдірасылова Бибігүл Жамалқызы 10-сынып оқушысы Алмасова Назираның қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын байқай отырып, қабілетін ұштап, түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатыстырып, білім шыңына жетелеп келеді. Төккен еңбегі мен шәкірті үшін арнаған уақыты зая кеткен жоқ. Жақында ғана оқушысы Алмасова Назира 25-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалықолимпиаданың IV (қорытынды) кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша III орынды иеленсе, көп ұзамай 3 сәуір күні Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде I орынды қанжығаға байлап, Өскемен қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Біз Бибігүл Жамалқызындай ұстазымызды, Назирадай шәкіртімізді мақтан тұтамыз! «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»,- дейді халық. Мектебіміздің білімді, талантты ұстаздарынан білім алып жүрген Назираның жетістігіне қуанып, алдағы сынағына сәттілік тілеп, жеңіспен аман-есен оралуына тілектестік білдіре отырып, талабына нұр жаусын дейміз!

Нұрбибі АҚЫНБЕКОВА,
№109 орта мектебінің «Қабілет» олимпиада орталығы жетекшісі.