» » Олимпиада жалғасуда

Олимпиада жалғасуда


Қостанай қаласында үстіміздегі жылдың 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілуде. Бұл қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс.  Республикалық олимпиада өз болмысы мен мазмұны тұрғысынан Президентіміздің «Зияткер ұлт - 2020» ұлттық жобасының идеясы негізінде өткзіледі.
  Олимпиаданың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Аталған білім сайысына Қармақшы ауданының делегациясын аудандық білім бөлімінің әдіскері Тәжігүл Әбенова бастап барды. Олимпиадада аудан намысын төрт оқушы қорғайтын болады. Атап айтқанда қазақ тілі мен әдебиетінен №109 орта мектептің 11 сынып оқушысы А.Жайшылықұлы, қазақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі пәнінен №108 орта мектептен 10 сынып оқушысы Тен Надежда, қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінен №272 орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Ғалымжанова, Қазақстан тарихынан №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ә.Қарабарақов     

29 наурыз 2018 ж. 1 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 546

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 615

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031