» » Болашақ баянды болсын десеңіз...

Болашақ баянды болсын десеңіз...

Қазақ атамыз: өмірде екі таңдаудан қателесуге болмайды: бірі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау деп бекер айтпаған. Болашағыңды кемел әрі бақытты ететін – таңдаған мамандығың, нан табатын жұмысың. Бұл таңдау әр адамның бала кезінен-ақ көкейінде жүреді. Балғын кезімізде армандаған мамандығымызды таңдасақ, өсе келе жұмыс табылатын, жалақысы жақсы мамандықты іздестіре бастаймыз. Мектеп бітірер шақта шынымен қиын сұрақ туындайды. Бұрын жәй армандаумен шектелгенмен, осы кезде армандап қана қоймай, нақты шешім қабылдайтын, жоғару оқу орнының бірін таңдап, шамамен болашақты болжайтын шақ туады. Ал болашақ мамандықты қалай таңдаған дұрыс?
Ең алдымен әрине, жүрегімізді тыңдау қажет. Адамның өз жүрек қалауымен таңдалған жұмыс болашақта жемісті әрі жеңісті болары сөзсіз. Әр адам қалаған мамандық иесі болып, жұмыста табысқа кенелгісі келеді. Жұмыста белестерді бағындырып, көп табыс табу үшін өз жұмысыңды сүю – міндет. Егер жұмысыңды шынымен сүйіп жасайтын болсаң, әрі сүйікті ісіңмен айналысқанға саған жалақы төленетін болса нағыз бақыт емес пе?! Ал, егер жұмысқа тек табыс көзі үшін ғана баратын болсаң, жұмыс жасауға еш құштарлығың болмайды. Сол себептен де – ең алдымен жүрегіміздің қалауын тыңдау маңызды.
Келесі кезекте өзгелердің ойын білу. Сарапқа салынған әр мәселе әрдайым нақты шешімін табады. Таңдаған мамандығың жайлы ата-анаңның, ұстаздарың мен жора-жолдастарыңның ойын тыңдаған дұрыс болады. Себебі, сен жайлы сенің жақындарыңнан артық ешкім білмейді. Сол жандар сенің таңдауыңды сараптап, сенің қолыңнан келіп қалатын мамандықтарды ұсынады.
Әлеуметтік жағын да ойдан шығармаған жөн. Өмірде әлеуметтік жағдай маңызды болмағанымен, қазіргі таңда көп мәселе ақшаға келіп тірелетіні ащы шындық. Таңдаған мамандығымыздың оқу ақысы қалтаға зор шығын келтіретін болса, ата-анаға оңай тимесі анық. Көп адам жүрек қалауындағы мамандықты игере алмайтындай көріп, оңай жол таңдауға бейім. Бұл таңдау кезіндегі үлкен қателіктердің бірі. Көз – қорқақ, қол –батыр деп бекер айтылмаған. Қай істі болмасын сүйіспеншілікпен істесең, алынбайтын асуы болмайды.
Уақыт алға жылжыған сайын жаңа мамандықтар түрі күн сайын артып келеді. Ол мамандықтардың қазіргі заманда маңыздылығы зор. Бүгінде инженер мамандығына сұраныс жоғары. Өндіріс пен техника саласы дамыған сайын мықты инженерлерді көптеп қажет етуде. Елімізде бұл мамандық иелері қажет болғандықтан жыл сайын министрліктен оқуға көптеген грант бөлінуде. Сондықтан, болашақ инженерлерге бұл – үлкен мүмкіндік.
IT (ақпараттық технологиялар) саласының мамандарына да сұраныс жетерлік деңгейде. Бұл саланың қызметкерлері қоғамда тамырын тереңге жайып үлгергенімен, сұранысқа ие мамандықтар тізімінен түскен емес. Өйткені, күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға бейімделіп жатқан соң бұл мамандар қанша көп болса, соғұрлым жақсы.
Елімізде мұнай мен газ қоры көп. Оларды игеретін химиктерді қажет етеді. Ал қазір білікті химиктер саны саусақпен санарлықтай, сол себептен де мұнайды іштен өндіре алмай отырмыз. Қара алтынды шетелге сатып жүргенімізге байланысты логистиктер де қажет.
Адам баласы кез келген уақытта да медицинаға жүгінуге мәжбүр. Бұл процесс тіршілік көзі бар кезде жалғаса береді. Яғни дәрігерлер саны әрқашан қажет болады.
Бизнес пен бизнесмендер саны күн сайын артуда. Ал сол бизнесмендердің арасында тиімді келісімшарт жүргізу мен жақсы жарнама жасау үшін маркетологтар қажет болады. Елімізге бұл мамандыққа сұраныс енді көбеюде. Болашақта тіпті арта түсетіні анық. Сондықтан маркетингпен айналысуға икемі бар жандар осы саланың маманы атанса опық жемейді.
Жоғарыда тізіп өткен мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Сондықтан, жүрек қалауыңыздағы мамандық осы тізімдердің ішінде болса еш ойланбастан таңдауға кеңес береміз.
Мамандық таңдау кезінде жан-жақты болған жөн. Әр саланың жақсы мен жаман жағын талдап, қолыңнан келетініне көз жеткізу ләзім. Жұмыстың оңай түрі болмаса да, жаның сүйіп, қалап таңдаған мамандық оңайырақ келетінін естен шығармасақ. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Болашақта өкінбейтіндей, өз бейімділігің мен қабілетіңе сай кәсіп түрін таңдау келешекке айқара жол ашпақ.
Әлемде мамандықтың 40 мыңға жуық түрі бар. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орынын ауыстырып, 12 проценті бұрынғы жұмысына қайта оралғандар. Өмірде бір орында тұрақтап қалмай, адам өзін жан-жақты зерттеуі керек. Елімізде білім саласы қарқынды дамып келе жатқандықтан бір емес бірнеше оқу орнын аяқтап, басқа да маман иесі атануға болады. Бар білімің мен ынтаңды салсаң, қай салада да өз орныңды табуға зор мүмкіндік бар. Тек таңдап алған мамандығың сұранысқа ие және ол салада білімің бар болғаны. Қазіргі таңда жоғары оқу орынын бітіріп алғанымен жұмыс таба алмай, әр салада бас сауғалап жүргендер бар. Міне, осы жандардың қатарынан табылмас үшін дұрыс мамандық таңдау қажет болады.
Тәуелсіз еліміз бен өз болашығымызды тұғырлы ету жолында аянбай еңбек етіп, білікті маман иесі атану – әркімнің өз қолында. Ол үшін болашақтың іргетасын бүгіннен қалау керек!

Аслан Жайқонысұлы
03 қазан 2019 ж. 1 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031