САУАТСЫЗДЫҚ ПА, ЖАУАПСЫЗДЫҚ ПА?
Біраздан бері мені бір мәселе ойлантып жүр еді. Жанымдағы бір-екі адамға айтып көріп едім «Оған неге бас қатырасың?», «Сондай дөрекі қателік емес қой, басқа мәселең жоқ па?» деген секілді жауаптар алдым. Нақтырақ тоқталсам, мен көшеде немесе кез келген ғимаратта жүргенде сондағы жазуларға мұқият қараймын....















