» » СЕНБІЛІК – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

СЕНБІЛІК – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Айналаның тазалығы – тек көркемдік үшін емес, денсаулық, қауіпсіздік үшін де маңызды. Әрбір жиналған қоқыс – тәртіпке жасалған бір қадам. Осы орайда жуырда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында кең көлемді сенбілік өтті. Сенбілікке кент және ауылдық округ, бөлім қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар және жастар қатысты.
Аудан аумағындағы тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен сенбілік жұмыстарына аудан халқы таңғы сағат тоғыздан бастап белсене қатысып, тазалық жұмыстарына бірлесе атсалысты.
Санитариялық-тазалық жұмыстары аясында аудан орталығы мен елді мекендерде күл-қоқыстар жиналып, жол жиектері, қоғамдық орындар, орталық көшелер тазартылды. Сонымен қатар әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп, көркейту-көгалдандыру шаралары қолға алынды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аудан тұрғындары сенбілікте белсенділік танытты. Аудан ажары осындай бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде айшықтала бермек.
«ҚТ» ақпарат
09 тамыз 2025 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 785
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930