» » ҚАРМАҚШЫДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ


Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағын тазарту және абаттандыру мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар мен еріктілер жұмылдырылып, барлық кент және ауылдық округтер аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Сенбілік барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Жиналған қоқыстар арнайы техникалармен аудан сыртына шығарылды. Сондай-ақ, жол жиектері, жаяу жүргіншілер жолы мен аулалар тазартылып, кейбір аймақтарда көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек сенбілікке қатысып, тазалық шараларының ұйымдастырылуын бақылап, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады. Ол қоршаған ортаны қорғау және ауданның көркейту жұмыстарына әр тұрғынның үлес қосуы маңызды екенін атап өтіп, бұл жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

30 наурыз 2025 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 893
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930