Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫДА КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАРМАҚШЫДА КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік өткізілді. Сенбілік жұмыстары Жосалы кентіндегі Қобыз монументі аумағынан бастау алып, аудан аумағында жалғасын тапты.

Аталған шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ағаш отырғызу жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар, сенбілікке аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды. Қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, ауданның барлық елді мекендерінде сенбілік шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жасыл желектер отырғызылды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында табиғатқа деген жауапкершілік пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

12 сәуір 2025 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31