» » СҮЛЕЙЛЕРДІҢ ТҰЯҒЫ ЕДІҢ...

СҮЛЕЙЛЕРДІҢ ТҰЯҒЫ ЕДІҢ...

Білмейсің қанша ғұмыр сүреріңді,
Жұтқанға мәз боласың қорегіңді.
Қайтқанын естігенде Серік достың,
Отырып қалдым ұстап жүрегімді.

Жандай ек бірге туған ағайынды,
Танушы ем ішкі алтын сарайыңды.
Құлпыртып жүр едің ғой бағбан болып,
Өлеңнің гүлін егіп маңайыңды.

Сыр елі риза еді сөздеріңе,
Өнерде от пен өртке төзгеніңе.
Сені көп сақтануға шақырушы ем,
Түспе деп күншілдердің көздеріне.

Зерделеп жырау сазын, сарындарын,
Түнгі жарық секілді жалындадың.
Айтысып Әселхандай алыппенен,
Сүлейлер аманатын орындадың.

Өнердің астың талай қия – белін,
Іздесе кең далаға сияр ма елің?
Жалынан жыр төгілген арғымағым,
Аз қалған сүлейлердің тұяғы едің.

Домбыраңды қойып кет босағаңа,
Сансыз шүкір жасайық Жасағанға.
Боз бұлттар ақ жаңбырын құйып тұрсын,
Көңілдер сағыныштан босағанда.

Сәнтөре ПІРМАНҰЛЫ
07 тамыз 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930