» » Өзіңде менің өзегім

Өзіңде менің өзегім


Жел дейді біреу, құм дейді біреу, біреуі тақыр дала дер,
Қасиетіне жырын сыйдырған өз перзентіне бағалы ел.
Желкенін ұстап жетістіктермен жетсе де биік белеске,
Туған жерім деп мақтанатындай ұл-қыздарыңа сана бер.

Әлдиін естіп асыл даламның жырыма сені қосамын,
Қобыздың үні қанына сіңген Қорқытпен едің қос ағым.
Сыр сұлуындай сұлусың маған сынасын мейлі барлығы,
Түркінің түгел тілінде жүрген Жосалым.

Төріңе келіп маңдай тіреген алыптар небір жетеді,
Содан да шығар ұлың мен қызың өнерге епті екені.
Тұрағын тапқан топырағыңнан абыздан далаң кенде емес,
Алаштың асыл піріндей болған Маралдың мәңгі мекені.

Ақын сыйлаған, батыр сыйлаған, шайыр сыйлаған ұлтыма,
Қармақшым сенің қасиетіңнен қызыл тіл қалмас қырқыла.
Жүз жырау шығып бір ауылыңнан жырдың сағасы атандың,
Тұрмағамбеттей ұлды өсірдің қайтадан келмес бір туа.

Сенде туған Омар да, сенде туған Көшеней,
Сіздерге қалай өтейін жырымнан құрақ төсемей.
Жырдың жампозы атанған атама алғыс айтамын,
Қармақшымның абыройын тіріде кеткен еселей.

Сенің далаңда біз басқан қара жерімнің кіндігі,
Сенің далаңда түрілген тәлім терменің түндігі.
Сенің далаңда ақ күріш, сенің далаңда сыр жатыр,
Сенің далаңда сайраған тарихтың небір шындығы.

Бәрі де мақтап айтады кіндік қан тамған өз елін,
Атымды қойған атамның туған жер өзің көзі едің.
Өзгермес мендік өзіңе деген махаббат,
Қасиеті мол Қармақшым өзіңде менің өзегім.

Орынбек ҚҰНДЫБАЕВ
05 сәуір 2022 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930