» » » ӘН АТАСЫ, ЖЫР ЖАМПОЗЫ

ӘН АТАСЫ, ЖЫР ЖАМПОЗЫ

Алты Алашқа аты шыққан дүрілдеп,
Ән атасы, жыр жампозы – Тұрымбет.
Түғырыңда жыраулықтың биіктеп,
Ғұмырында көргені-сый, құрмет!
Жас кезінен жан дүниесі жаңарған,
Жан жүрегін жаулады бір ән-арман.
Он үш жаста Бала жырау атанды,
Жүйріктейін жал-құйрығы таралған.
Жырдың көкке көтеріліп байрағы,
Жиырмада сандуғаш боп сайрады.
Содан кейін алыстарға жол шекті,
Бойды билеп от-намыстың қайрағы.
Салтын ұстап небір дүлдүл атаның,
Күмбірлетті Сырдың сұлу мақамын.
Ырғыз, Жайық, Ұлытау мен Сарысу,
Тұрды күтіп естіп жырау атағын.
Айдың нұрын жүректерге қондыра.
Ойнап бақты он саусақта домбыра.
Ақбоз үйдің түндігінен өрілген,
Ел-жұртына қалды талай жыр-мұра.
Тау-Едбай – қазақтың көне қонысы,
Ән-жырға бай бөлек бітім-болмысы.
Күмісай ару – байдың қызы болатын,
Тұрымбеттің жаны сүйген,ол құсы.
Тағдыр әлде, ғашықтық па жылатқан,
Қыз жүрегі Бала жырауды ұнатқан.
Байдың ұлына ұзатылып Күмісай,
Ғашық жарға еріксіз қол бұлғатқан.
Тар заманда болған талай шырғалаң,
Күмісайдың жүзін қалың мұң шалған.
Бала жырау Сырға таман көшкенде,
Ал, арманы-қол бұлғап құмда қалған.
Ғасыр көшті...
Сазды әуен шарықтайды.



Аққу құстар көк аспанда қалықтайды.
Бекзат Париж қол соқты «Күмісайға»,
Алмас жырау ән айтудан жалықпайды.
«Шырқау даусы» – жыраудың шалқар әні,
Күміс көмейден үлбіреп бал тамады.
Тұрымбеттің «Гөй-гөйі» әні жүректегі,
Сезімнің сырын қозғап, дәл табады.
«Тұрымбет – ән атасы Кіші жүзде»,
Бұл сөздің жойылған жоқ күші бізде.
Жырау атаның аруағы қолдады ма,
Рух жаңғырып өрлеуде ісіміз де.
Ел құрметі сарқылмас асылдарға,
Өмір өзені ағады тасып алға,
Жыр күмбезің көкке биік көтерген,
Дүлдүл жырау самғайды ғасырларға!

Ибрагим Бекмаханұлы.

21 қыркүйек 2018 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031