» » ТӘУ ЕТЕР ҚАСИЕТТІМ

ТӘУ ЕТЕР ҚАСИЕТТІМ


Қасиетіңнен айналайын, туған жер! «Табаныңа кірген шөңге, маңдайыма кірсін» деген айдарлы ұлдың айбарлы мінезімен шарқ ұрып, сайын даланың төсінде ұлттың ұлылығын паш етер ұлағатты ұрпағыңның жемісті еңбегінің жеңісі, бабамның қаны сіңіп, анамның жасы төгілген Ұлы даланың ұланасыр тойы құтты болғай!

Адамзат баласы үшін тәуелсіздік – мағынасы тереңнен тамыр тартқан тарихи ұғым. Қасиетіне бойлап, қадіріне жете білсек, елдігіміз бен ұлттығымызды, ұлылығымызды қайта оралтып, қазақылығымызды тірілткен тұғыр. Бодандықта боп, болмысымыздан айырылып қала жаздағанда да осы еркіндікке құмар ерік-жігерімізді жанып, жадымызда сақталып үміт сыйлаған да осы – ұлы ұғым.

Алты құрлыққа атымыз танылып, Алаштың арда туған баласы деп төбесіне көтерер абыройымыз да осы тәуелсіздіктің арқасында танылды. Мәңгілік ел болашаққа бағдар алып, рухани жаңғыруға бет алды.

Адам – мәңгілік емес, ел мәңгілік болады. Тұғырымыз биіктесін, туған ел!

Дәулет ҚЫРДАН.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 762
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930