» » ҰЛТ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛАРЫ СӨЗСІЗ

ҰЛТ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛАРЫ СӨЗСІЗ

Халық даналығында «Көп өмір сүргеннен сұрама, көпті көргеннен сұра» деген ұғым бар.
Міне, Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген көшбасшының арқасында қазақ халқының кешегі кеңестік үкімет жүргізген солақай саясаттың арқасында ұлт санасынан жоғала бастаған салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыз қайта жаңғырып, қазақ халқының ұлылығын әлем таныды.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұған дейін ұлт мүддесін қорғау, ата-баба дәстүрін өскелең ұрпақ санасына сіңіру және ұлт болашағы үшін саналы өмірін арнап, өмірден өткен Алаш арыстарының есімін қайта жаңғыру мақсатына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы десем артық айтқандық емес.
Мемлекет басшының мақаласын оқи отырып, мен нені түсіндім? Әрине, мақалада айтылған ұлтымыздың салт-дәстүрі мен  өткен өмірін, сонымен қатар өнері мен мәдениетін,  бар саналы өмірін туған елінің болашағына арнап, өмірден өткен атпал азаматтардың өнегелі өмір жолын ұрпақ санасына қондыру екенін түсндім.
Сөзімді қорыта келе,  Елбасының осындай құнды құжатымен танысып, өзінің  тарихын бағалап, мақтан тұтатын әрбір қазақстандықтың алдағы уақытта болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Өйткені, өткенін қадірлеп, бүгінін бағалай білген  әрбір Қазақстан азаматы үшін  – тәуелсіз Қазақстанның экономикасы дамыған ел болуы ең маңызды арман деп білемін.
 
Нұршат НАУРЫЗБАЕВА,
аудандық мәдениет және тілдерді дамтыту бөлімінің басшысы.
21 қараша 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

15 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 218
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031