» » «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Атамекен... Кең дала... Туған жердің әрбір тауы мен тасы, қаласы мен даласы көненің көзіндей.  Жерде жатқан қайсыбір тасын төңкере қалсаң, тарих жайында сыр шертеді. Ескірген дүниенің құндылығы қай уақытта да алтын емес пе?! Осыдан бір жарым жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шығып, «Рухани жаңғырдық». Бүгін міне, соның жалғасы ретінде  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты.  

"Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы, – деп жазды Елбасы мақаласында.

Біршама уақыт отар елдің тепкісін, теперішін көрген халықтың ұлттық санасы аз уақытта жаңғырып кете алмайды, бәлки?!  Алайда, азаттық аренасына жасындай жарқылдап шыққан ширек ғасыр ішінде рухани жаңғырудың жаңа белесіне өтетін кез келді. Түркі әлемінің алтын бесігі қасиетті Қазақ елі азаттықтың ақ таңын атырғалы  тарихын ұмытқан емес. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болмақ.


Ақтолқын НҰРМАҒАНБЕТОВА,
"Қорқыт елі - Қармақшы" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.



21 қараша 2018 ж. 4 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031