» » Жақұт жырдың сөндірмеген шырағын!

Жақұт жырдың сөндірмеген шырағын!


Жақұт жырдың сөндірмеген шырағын,
Жырлағанда жан тербетер жыр әнің.
Қанмен келген қасиетті өнер бұл,
Бабалардан қалған мұра тұмарың.
Бұлбұл үнің үйлесіп тұр сазына,
Келтіргенде домбыраңның құлағын.
Көмейменен күмбірлетіп кеткенде,
Ақсақалдар деуші еді, жаса, шырағым.
Сыйғып берген шынарлық бар үніңде,
Мөлдіріндей таза тұнық тұманың.
Мақамменен баурап елді елітіп,
Тыңдаушының қандырушы ең құмарын.
Жиенбайдың немересі Көшеней,
Рүстембек, Дастанбектей пырағым.
Хисса, дастан, толғау, терме, ән салып,
Тасытушы ең жырдың кәусар бұлағын.
Мәскеу барып білім алдың ізденіп,
Таңғалдырып талантыңмен ұнадың.
Жарқ еттің де жиырма жеті жасыңда,
Ағып түскен жұлдыздай боп құладың.
Халқың қалды қарап үнсіз бейнеңе,
Нәсіп ет деп, Жаратушы жұмағын,
Жүйрік едің, сан қырлы өнер бойыңда,
Сырдың елі – Жырдың елі ұраның.
Жырауларым шашу шашып жырменен,
Кигізгендей шапан жауып тымағын.
Жетпіс беске толды аңыз Көшеней,
Жаратқанға шүкіршілік қыламын.
Елің бүгін еске алуда өзіңді,
Ұлтың ұлын ұлықтайды жырауын.
Жыраулықты жалғастырған ұрпағың,
Дұға тілеп бағыштады Құранын!
Әділхан ҚУАҢБАЕВ
13 қараша 2021 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031