» » » ҚАРМАҚШЫНЫҢ ЖЫРАУЛАРЫ

ҚАРМАҚШЫНЫҢ ЖЫРАУЛАРЫ


Күнгейден нөпір жырдың көші келген,
Сұлу Сыр кербезденіп төсін керген...
Қасиетті Қармақшым, құнарлы өлкем,
Небір дүлділ жырауды өсірген ең!
Ұзын көш...Бүйда басы Ешнияз сал,
Әркімді баурайды ғой сан қиялдар...
Тұрмағамбет – бір заңғар алаштағы,
Жүрегінен саулаған ұшқыр айлар!
Бір өзі кең дария еді Базар жатқан,
Жарысса талай жырау тозаң қапқан.
Шораяқтың Омары мен Кете Жүсіп,
Кезінде қатарынан оза шапқан!
Орыны бөлек жырда Дүр Оңғардың,
Өнерге жастайынан құмар жанның.
Сөзінің толқыны бар, екпіні бар,
Сырдариядай айдынды нұр-арнаның!
Жыр жолына арнаған тұмар-жанын,
Сездірген сонысымен шын арманын
Басынан бақ таймаған Баспан жырау,
Баптаған сұлу жырдың арғымағын!
Тәуелібай, Сыр, Арқаны тамсандырған,
Әр таңды ән-жырымен қарсы алдырған.
Тұрымбет – ән атасы кіші жүзде,
«Күмісайдай» ақ әлемге ән салдырған!
Жиенбай– жыр бұлағы Кетедегі,
Жасынан ұшқыр ойлар жетеледі.
Тасберген маңырамасын жамыратса,
Өн бойын Сырдың орап өтер еді.
Өзіндік мақамы бар жар салдырған,
Әр күнді термесімен қарсы алдырған.
Жыраулықтың бабында Сәрсенбай бар,
Отырысты әрдайым жандандырған!
Мұзарап, Рүстембектер бұлар нөпір,
Сыр сазына лайықты болған көпір.
Жырласа шаршамайтын таң сазына,
Жыр-көшінің басында Шамшат отыр!
Жыраулықтың Сырдағы Таң шолпаны,
Қуантқан жырларымен сан ортаны,
Күміс көмей Көшеней мәңгі өлмейді,
Әуезіне алты алашы құмартады!
Қуандық пен Алшынбек дәрпі қандай,
Өтті олар найзағайдың жарқылыңдай.
Бір төбе – Алмас жырау ұлы өнерде,
Екпіні тау жыққандай қарқынға бай!
Сыр сазы тұрар жанды тартып ұдай,
Мезгілдің майда қоңыр барқытындай.
Бидас, Серік, Амандық, Дінислам,
Көрінер бұрынғының сарқытындай!
Қыздардан Майра, Күнсұлу, Әйгерім бар,
Олармен жарысатұғын қайбірің бар?
Жүз жыраудың Отаны – Қармақшының,
Өнерде үлкен дауысы, айбыны бар!
Қазір де жыраулықтың көші ерен,
Сүлейлердің үмітін еш өшірмеген.
Жыраулар үйі Қармақшыда дүбірлеп тұр,
Үкілі үміт жас өркенін өсіргеннен!

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ
04 шілде 2020 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031