Мәслихаттар сайлауы

Жырау Бидас

Армысыз аға – Биекем!
Қожаңыз толғап қозғалды,
Ағытып сөздің арнасын.
Тұқымысын шебердің,
Жыр көрігін қыздырған,
Суытпай төс пен балғасын.
Жиенбай жырдың бұлағы,
Рүстембек әннің шырағы,
Көшеней өрді жалғасын.
Тұғырдан ұшып «ақсұңқар»,
Теңселтті елді қайғысы,
Әзелден солай болғасын.
Артында қалған балапан
Темір қанат жетіліп,
Көтерді шаңырақ, ордасын.
« Ат тұяғын- тай басып»,
Аламанға қосылды,
Алқадан алып олжасын.
Бел баладан өзіңсін,
Рүстембектің көзісін,
Жайқалтқан жырдың жорғасын.
Атаңнан жеткен сазды әуен,
Тал жібектей таратып,
Қалыпқа құйдың формасын.
Қоңырлап салған махамың,
Қозы көш жерден баураған,
Балқығандай қорғасын.
Қоңыраулы нардай көш бастап,
Өнердің жүгін алға тарт,
Жыр киесі - қолдасын!

А.Алмат
27 мамыр 2020 ж. 1 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30