» » Заңғарым едің...

Заңғарым едің...

(тіл жанашыры, мәдениет қайраткері Сұлтан Сармолдин рухына тағзым)

Келіп едім жоқ екен,
Сайраған бұлбұл бағында
Молдахмет жырау
Ағаның бірі – айтулы заңғарым едің,
Ақылы – орман дария, аңғарым едің.
Атыңа лайық атқарған ісіңнен талай,
Азааттық мәрттікті аңғарып едім.
Ажалға мынау өзіңді қиямын қалай,
Аһ ұрып іштей, ауылға дағдарып келдім.

Дағдарып келдім,
қайғырып қауымға мынау,
Жан-жүрегім жабырқап, жауындап тұр – ау.
Қазақтың ескі, есті бір дағдысы еді,
Жақсысын жоқтап, мұндайда «бауырымдап» жылау.
Жылатқан бізді, жылатқан Қармақшы елін,
Оңай да емес сұм ажал – дауылға шыдау?!

Заңғарым едің,
Ағажан, аңғарым едің,
Тұғырдан көрді Дүр Оңғар ардағыңды елің.
Бүтіндейтін кім қалды жыртығыңды жұртым?
Түгендейтін кім қалды жан-жағыңды елің?!
Төбе би болып жүруші ең Төребай бидей,
Таныды Алаш биіктен талғамыңды сенің!

Өнерге іңкәр, жанашыр тарланым едің,
Ақиқат үшін күрескен арланым едің.
Ұлтымның тілін, дәстүрін ұлықтай білген,
Білімдар, дегдар, сұңғыла, тарланым едің.
Қайтейін енді, жұлдыздай жарқ етіп сөндің,
Темірқазық секілді бағдарым едің,
Бақыл бол, аға, Заңғарым менің!

Ибраһим Бекмаханұлы
09 шілде 2019 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031