» » Сиви Махмуди бай жігіттердің кездесудегі әрекеттерін жайып салды

Сиви Махмуди бай жігіттердің кездесудегі әрекеттерін жайып салды

Сиви Махмуди тұрмысқа шықпай тұрғанда өзіне сөз салған байдың балалары жайлы айтты. Жігіттердің әбден майдаланып кеткенін көрген әншіге болашақ жар таңдау оңайға соқпапты. 
«Шет ел көрген байдың баласы мені ылғи да кездесуге шақыратын. Өзі әдемі, көрікті, мінезі жақсы сияқты. Бірақ екеуміз отырған кезде, шотты алып, санап-санап, маған «мынау менікі, мынау сенікі» деген күндер болды. Сол кезде таң  қалатынмын. Дүние десең, дүние жететін еді», – дейді әнші «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында.
Бұл Сиви Махмудидің жүйкесін жұқартқандардың біреуі ғана. Басы бос бикеш кезінде есепке елірген ерке балаларды да, нәпсіқұмар сері сымақтардың да талайын көрген екен. 
«Сен бұрын стақан едің, қазір рөмке болып қалдың» деген сияқты әңгімелер айтады. Бұрын толық едің, қазір белің пайда болды дегені ғой. Я болмаса бассейнге барып, сенің сымбатыңды көру керек еді деген әңгімелер мені қашыртатын», – деген әнші күйеуінің артық қылықтардан  ада азамат екенін айтып қалды. 
Айта кетейік, Сиви осыдан бірнеше жыл бұрын Тараздың жігітіне тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде ерлі-зайыптылар екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

sn.kz

14 желтоқсан 2018 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031