» Жігіттің қай сөзіне сенуге болмайды?

Жігіттің қай сөзіне сенуге болмайды?

Қыздар жігіттердің өтірік айтқанын ұнатпайтындығы белгілі. "Жігіттер жиі өтірік айтып, қыздарды алдайды" деген стереотип те қалыптасып кетті. Оның себебі неде? Олар бізді неге алдайды? Мамандардың айтуынша, жиі жағдайда жігіттер айтқан өтіріктеріне өздері сеніп, соның шын болғанын қалайды. Олар өздерін мінсіз деп санап, сізді де, өзін де соған көндіргісі келеді.  Мынау өзі байқамай-ақ сізді алдап отырған жігіттің сөздері: "Мен үшін отбасы мен балалар бірінші орында болады, ал әйелім ештеңеден қысылмауы керек" Не деген сөздер! Осыны есту әр арудың арманы шығар. Алайда жас жігіт ертеңгі күнінде тым сенімді бола тұрып, болашақта дәл осы қызды басқа жағдайдың алдына қоюы мүмкін. Әдемі сөздер жиі жағдайда артық, жастық әсермен айтылады. Ал оның өтірік-рас екенін жігіт бір үйдің отағасы болғанда тексеруге болады. "Осыған дейін қыдырып-қыдырып шаршадым, тыныш өмір сүргім келеді" Қыдыруға жігіттің ақшасы таусылса да, оған деген құлшынысы таусылмасы анық. Бұндай жігіттің сыртта жүретініне көне алсаңыз ғана онымен қарым-қатынас жалғастырыңыз. "Сәнге құмар заманауи гламур қыздарды ұнатпаймын. Ақылды болса, болды" Бұл сөздің астарында жараланған жүрек жатқан сияқты. Қалай болғанмен, жігіттер әдемілік пен әсемдікке бірінші кезекте көңіл бөледі. Сондықтан оның қасында қалай болса солай, бастысы ақылды болсам болды деп жүрмеңіз.

---
06 маусым 2018 ж. 1 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031