» » Жігіттер жөнінде қызықты деректер

Жігіттер жөнінде қызықты деректер

Жігіттер жөнінде қызықты деректер
Отбасылы жігіт пен бойдақ жігіттің айырмашылығы баршылық. Үйленбеген жігіт қара басының қамын ойлап, көп уақытын босқа өткізетін болса, шаңырақ көтерген жігіт мойнындағы жауапкершілікті сезініп, отбасын асырау жағдайын көбірек ойлайды. Олардың басқа қандай ерекшеліктер бар екен?
Жігіттердің көпшілігі мейрамханада қыздар үшін төлегенімен, барлығы бірдей шын жүректен істемейді. Яғни, екеуі жеген тағамының ақшасын амалсыздан өзі төлейді.
Алғашқы кездесуде жігіт ауыз ашпас момақан болып көрінсе, таңғалмаңыз. Бұл – қалыпты жағдай. Өзіңіз сөз бастап, тақырып қозғап отырудан да тартынбаңыз.
Көп жігіт қызбен алғашқы рет телефонмен сөйлесу ұзақтығы 10 минуттан аспағанын қалайды.
Интернеттегі онлайн сатып алушылардың басым бөлігі басы бос еркектер екен.
Жігіттерге алғашқы кездесуде көп шығынға ұшыратпаған қыздар ұнайды.
Олар өзінен бірнеше жас үлкен қызбен кездесуге қарсы емес.
Сүр бойдақтар 75% екінші жартысын тапқысы келетінін мойындайды.
Ажырасқан еркек бұрынғы әйеліне қарағанда тез арада басқа шаңырақ көтереді. Себебі олар отбасылы өмірден кейінгі жалғыздықты көрете алмайды.
Үйленбеген жігіттердің жартысы беті бүлк етпестен, жуылмаған шұлықпен жүре береді.
Жігіттерге өзінің пікірімен келіспей, қарсы ой айтып, өз көқарасын берік ұстанатын қыздар ұнайды.
Ер адамдар мойнына аса жауапкершілікті іс алса, сол шаруадан басқаға мойын бұрмайды. Тіпті қыздарға да.
Жігіттердің 30 пайызы кездесетін қызын ренжітіп алмау үшін күн сайын түрлі өтірікке «көмеді».
Бойдақтардың көпшілігі 27 жасына дейін ата-анасының үйінде тұрады.
Ер адамдар қызығушылық танытқан қызының нөмірін сұрағанымен, өз нөмірін беруді қаламайды. «Мен саған өзім хабарласамын» деген сөз осыдан шыққан.
Үйленбеген жігіттер жалғыздығының себебін үйленгенде тұратын үйі жоқ екенімен түсіндіреді.
Жігіттердің 30 пайызы бұрынғы қызының нөмірі керек болып қалар деп, өшірмей сақтап жүреді.
Олар қыздың дене пішіні, сымбатына қарағанда, бет келбетінің тартымды болуына көп көңіл бөледі.
Үйленген жігіттерге қарағанда, бойдақ жігіттер достарының пікірін құрметтейді.
25 мамыр 2018 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031