» » Қабірге кіргенде жер адамға не деп айтады?

Қабірге кіргенде жер адамға не деп айтады?

Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбар(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) мешітке кірген кезде ақсия күліп отырған адамдарды көріп: «Ләззат пен дүниеге құштарлықты жоюшыны (өлімді) жиі еске алыңдар! Себебі қабір адам баласына әр уақыт: «Мен бейтаныстар мекенімін, мен жалғыздар мекенімін, топырақ мекенімін, құрт-құмырсқалар мекенімін», – дейді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі mazhab.kz-ке сілтеме жасай отырып. Мүмін пенде жерленген кезде көр оған: «Менің үстімде өмір сүргендердің ішінде өзіме қатты ұнаған жандардың қатарынан едің, хош келдің, бүгін маған келдің және қойныма ендің, саған енді не істейтінімді көресің» дейді. Сөйтіп көзі жеткен жерге дейін қабірі кеңейтіліп, оған жаннатқа қарай есік ашылады... Ал егер күнәкар жаман адам немесе кәпір жерленсе, оған қабір: «Саған «хош келдің» деп айтпаймын, менің үстімде өмір сүретін пенделердің арасындағы ең жек көретіндерімнің бірі едің, енді бүгін маған келдің және қойныма ендің, енді саған менің не істейтінімді көресің» дейді. Сөйтіп қабірдің екі жағы сығылып, дене мүшелері бір-біріне жабысып, қабырғалары айқасады», – дейді, сосын Пайғамбар(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) саусақтарын бір-біріне айқастырып: «Оны Алла жетпіс улы жыланмен байлайды. Егер сол жыландардың біреуі жерге қарай демін жіберсе, ештеңе өспес еді әрі дүниеде ештеңе қалмас еді, онымен әбден есеп айырысқанша олар оны шағып азаптайды...», – деді», – деген. Сөйтіп Әбу Сағид әл-Худри сөзін жалғастырып: «Пайғамбар(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын): «Расында, қабір жаннаттың баубақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр», – деді», – деген. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбармен(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) бірге жаназаға қатыстық, бейіттердің жанында отырып Пайғамбар(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын): «Осы көрге кірісімен, көр: «Ей, адам баласы! Мені қалай ұмыттың?! Менің жалғыздықтың, тылсым сыр мен қорқыныштың мекені екенімді білмедің бе? Құрт-құмырсқалар мен суық топырақтың мекенімін, тек қана Алла кеңіткендерге ғана кеңмін әрі жақсымын» деп, сөйлейді», – деп, содан кейін Пайғамбар(Оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) сөзін ары қарай жалғастырып: «Қабір жаннаттың бау-бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр», – деді», – деген. Шолушы: Әсел Өтешова
14 маусым 2019 ж. 3 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031