» » Әлдекімнің аруағы құтқарған азамат адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті

Әлдекімнің аруағы құтқарған азамат адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті

Еркін есімді азамат басынан өткен адам сенгісіз оқиғасымен бөлісіп, жұртты таңғалдырды. Белгілі болғандай, ер адамды әйелінің аруағы қауіпті қылмыскерден құтқарып қалған. Ол бейтаныс адамның үйіне кіргелі жатқан кезде сүйіктісінің елесі оны райынан қайтарып, өзіне қарай шақырған деп жазады Алаш айнасы.

vladtime.ru

Ер адам басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, өзін құтқарып қалған тылсым күш жайлы хикаясын егжейлі-тегжейлі баяндап берді.
"Сол күні қызмет бабыммен жұмысқа қажетті затты іздеп сауда үйіне барғанмын. Ақыры іздегенім жоқ болып, шығып бара жатқанымда жасы 30-40 шамасындағы бір азаматқа тап болдым. Ол маған "тым қапалысың ғой" деп әңгімеге тартты. Ойда арам ештене байқамастан, мен оған іздегенімді таппағанымды айтып бердім.Өзін жеке кәсіпкер деп таныстырған ол маған қажет заттың оның үйінде бар екенін айтты. Оған қоса, арзанға беретіні жеткізді. Оның мекен-жайын алып, кешке соғатынымды айттым" , - деді ер адам.
Жұмыс күні аяқталған соң, Еркін әлгі танысының үйіне аттанады. Көлігін тұраққа қойып, пәтерге бара жатқанда оның назарын бір тылсым күш өзіне аудартқан.
"Еріксіз бір күш көзімді үй жаққа бұрғызды. Қарасам төбе үстінде келіншегім баламды қолына ұстап, мен жаққа қарап тұрғанын көрдім. Жарым менің қарағанымды көріп, қолын бұлғап өзіне қарай шақырды. Мен оған ыммен "мына үйге кіремін жұмыстарым бар" десемде, үздіксіз қол бұлғап шақыра берген соң, бір жағдай болған ғой деп амалсыз машинама қайта отырып үйге бет алдым.Үйге баратын жол айналма жол болатын мен машинамен жұбайым тұрған төбешікке көтеріліп едім, ол жерден келіншегімді көре алмадым. Әлгінде ғана осы жерде тұр еді, қайда кетті екен деп жан-жағыма қарап едім ешкім көрінбеді. Содан үйдің жанына көлігімді қойып, пәтерге көтерілдім. Сөйтсем сүйіктім баламмен бірге тамақтанайын деп жатыр екен. Келіншегім қуанып "келгенің оңды болды, тамақтың үстінен келдің" деп жатты.Мен "сен шақырған соң жұмысымды бітіре алмадым", - дедім ренжіңкіреп. Ол менің сөзіме аң-таң болып "бүгін үй жұмысымен далаға шыға алмадым",- дегеніне "Әлгінде төбе үстінде балам екеуің мені қайта-қайта шақырған жоқсыңдар ма",- дедім де жұбайымды ренжітіп алармын деп үндемедім" , - дейді Еркін.
Жұбайының далаға шықпағанын білген азамат өзін кімнің аруағы шақырғанын түсіне алмай, ойға батады.
Бұдан кейін оның есіне өзі баруға уәде берген азамат түседі. Оған кейіннен кіріп шығуды жөн санаған Еркін ұлының қасында қалып қалған..
"Ертеңіне жұмысқа бара жатқанда таныс кісінің пәтеріне соғып есік қоңырауын қанша соқсам да есік ашыла қоймады. Мен не істерімді білмей аңтарылып тұрған сәтімде, іргелес пәтерден бір адам шықты. Одан өзіме қажет болған пәтер иесінің қайда екенін сұрадым. Көршісі маған күдіктене қарады.Мен оған жағдайды айтып едім "келмегенің дұрыс болған екен көршімнің сөзі сұйықтау жігіт болған соң қорқып жүретінмін, бүгін түнде үйінен тарсыл-гүрсіл алысқан адамдардың дыбысы шыққан соң, амалсыз полиция шақырғанмын. Сол абырой болған екен, танысың үйіне шақырған қонағын пышақтап тастапты. Әйтеуір полицейлер танысыңды дер кезінде ұстады" дегенде "О, тоба, кеше бұл үйде менің болуым керек еді ғой" деп ойлағанда есімнен айрыла жаздадым. Содан, Алла мені бір бәледен қаққан ғой деп Тәңіріме шүкіршілік еттім" , - деп ағынан жарылды ер адам.
Бүгінгі күні, Еркінді өзін мұндай пәледен аман алып қалған кім екені мазалауда. Азамат бұл оқиғаның өзі үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Енді ол кім-көрінгеннің сөзіне сеніп, артынан ермеуге тырысатынын алға тартты.

kaz.nur.kz
21 ақпан 2019 ж. 2 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031