» » Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың І - бағыты бойынша 2018 жылға қайта даярлау курсына 100 адам жоспарланып, облыстық бюджеттен 33728,0 мың теңге қаржы қаралды. Байқоныр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылы бойынша 60 адам оқуға жолданды. Ауданның қалған елді мекені бойынша 20 адам маусым айында жолданды, қалған 20 адам шілде айында жолданатын болады.
Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 2018 жылға жоспарланған 220 жұмыссыз азаматтарды «Бастау Бизнес» курстарынан өткізу жоспарланып, 45 азамат оқуға жолданды. 21 адам шағын несие алды.
Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2018 жылға 17409,0 мың теңге бөлінді. Қаралған қаржыға аудан бойынша 34 кәсіпкерлік субьектілеріне 155 адам жұмысқа жолданып, 10242,0 мың теңге игерілді.
Жастар тәжірибесіне республикалық және жергілікті бюджеттен 73350,5 мың теңге қаралған. Жыл басынан 177 жас маман 90 мекемеге жолданып, қаралған қаржының 25947,0 мың теңге игерілді. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
2018 жылға қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 42855,0 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан 246 жұмыссыз азамат жіберіліп, 12492 мың теңге қаржы игерілді. Байқоныр қаласы бойынша 93 азамат жіберіліп, 8485,0 мың теңге қаржы игерілді.

04 қыркүйек 2018 ж. 1 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031