» » Ақшаны жақсы төлеймін: Қарақат бала күтушісіне қандай талап қоятынын айтты

Ақшаны жақсы төлеймін: Қарақат бала күтушісіне қандай талап қоятынын айтты

Өнерде жүрген әйел адамы үшін отбасын қатар алып жүрген қиын. Себебі гастрөлдік сапар мен әртүрлі түсірілімдер кезінде бала-шағаны сеніп тапсыратын адам қажет. Мына заманда ондай адамды табу да оңай емес. Қарақат Әбілдина балаларына екінші анасындай болып кеткен адамды қалай тапқанын айтып берді.
Ақшаны жақсы төлеймін: Қарақат Әбілдина бала күтушісіне қандай талап қоятынын айтты
7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына қатысқан ол өмірлік тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
“Ол кезде ғаламтор болған жоқ. Әрі ғаламтор арқылы бала күтушісін іздеген дұрыс емес деп ойлаймын. Әрине, бірінші кезекте таныс-туыстардың арасынан іздейсің. Туысың болмаса да, туысыңдай болып жақын адамыңа айналған адамдардың кеңесіне жүгіне отырып, солардың нұсқауымен таптым”, – деген Қарақат көп жылдардан бері балаларына қамқор болып келе жатқан Сәуле есімді көмекшісіне алғысын білдірді.
Өнер адамдарының жұмыс кестесі әркезде әртүрлі. Сондықтан да оларға тәуліктің кез келген уақытында баласына қарайласатын адам қажет. Талап – жеңіл емес. Есесіне ақысын да аямай төлеймін, дейді Қыдырәлі Болмановтың келіншегі.
“Ақшаны жақсы төлеймін. Нақты алатын қаламақысы өз алдына, оның сыртынан жасағым келетін дүние жетерлік. Өйткені мен оны шын көңілмен, ниетпен жасаймын. Ол маған мүлдем шектеу қоймайды, яғни осындай уақытқа дейін бола аламын немесе бола алмаймын деп. Өзінің жеке басының көп сылтауларын айтса, өнер адамдарына өте қиын. Адам болғаннан кейін өз жоспары бар, бірақ менің ыңғайыма қарайды. Мен кеткенде қалу керек пе, қалады. Студияда не болмаса басқа жұмыстар шығып қалған кезде еш уақытта: “Менің кетуім керек, қашан келесіз?” – деп айтпайды”, – деп түсіндірді Әбілдина.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 2 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031