» » » Киелім – Қармақшым

Киелім – Қармақшым


Ауыл жайлы сөз қозғасам кеңінен,
Шежірелі шыққам Кете елінен.
Жүз шайыр мен жырауларды əкелген,
Жаратылғам Қармақшымның жерінен.

Сыр бойына тамған кіндік қанымды,
Ұмытпаймын, арнап өтем әнімді.
Болған берік салт-дəстүр мен дініне,
Би-шешені, батыры елге мəлім-ді.

Күнде-күнде қоныстарын жаңалап,
Жүйткісе де, кезіксе де сан алап,
Өлім білмес мекен іздеп Қорқыт та,
Осы жерді тұрақтапты паналап.

Мешіт салып қазағына қара орман,
Атам ел деп жомарттыққа бара алған.
Алдашбай ахун білім бұлағымен,
Тұрмағанбет, Кете Жүсіп нәр алған.

Текті əже Тəңір берген нұрымен,
Домбырасын күмбірлеткен сыры ем.
Төлепова Шамшатымның күй-үні,
Құлағыма сіңген бесік жырымен.

Соғыс жылы елге жеңіс сыйлаған,
Көмекбаев Тəйімбетің сыйлы адам.
Ешнияз сал, Дүр Оңғардың əн-жырын,
Тізбектесем неше томға сыймаған.

Жырауы бар Ібəш пен Рүстембек,
Жиенбай жақсы істерге кіріскен көп.
Сонау алып Мəскеуді мойындатқан,
Ән салып Көшеней тың тыныспен кеп.

Көшенейдің Арнұры жалғасы бар,
Бидасы талай топтан алға шығар.
Көмейінен күмбірлеп күй төгілген,
Ізін басқан Алматов Алмасы бар.

Ақыны, батыры бар емес қорқақ,
Дейтұғын қиындардан жүрер жол тап.
Қазақ елі шежіреңді есте сақта,
Тарихымыз бұл біздің баршаға ортақ.

Өшпеу керек текті тарих ғұмыры,
Лайланбасын бабалардың тұнығы.
Тасқа қашап сақтамасам тарихты,
Қалай жүрмін болып сүлей сынығы?!

Гүлдана СЕРМАХАН
03 қараша 2020 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930