» » » Күлбарам Сәдуақасқызының өлеңдері

Күлбарам Сәдуақасқызының өлеңдері


Қармақшым
Сонау Қорқыт бабаның заманында,
Жоса тас қыр даланың табанында.
Жанкент деген керемет шаһар бопты,
Іздесем ізін оның табамын ба?

Қалықтап аспанында қобыз сазы,
Әлдилеп тұрар еді қысы-жазы.
Сол елге жыр әруағы кеп қоныпты,
Кете деген ел екен жанған бағы!

Дарыған киелі жыр әу басында,
Жалғасып келе жатыр сан ғасырға.
Байқоңыр – жер кіндігі, һәм түндігі
Ғарышқа ғаламатқа жалғасуда.

Тегін бе басқан жері Қорқыт бабам,
Әлі де таңдай қаққан барша ғалам.
Сақталған кітаптары Ватиканда,
Маңызын жояр емес қанша заман!

Паш еткен «Шахнаманы» бар қазаққа,
Өмірін душар еткен сан азапқа.
Тұрмағамбет ақын да сол топырақтан,
Бір-ақ туар бірегей шартарапта.

Қаншама отты жандар өтіп кетті,
Жарық көрмей өмірі өксіп өтті.
Тәніне – ән, жанына – жыр дарыған,
Сүлейлер Қармақшымды бесік етті.

Жиенбай, Рүстембек, Көшенейлер,
Дес бермес талай таңға көмекейлер.
Сусындап жыраулықтың тұнығынан,
Келеді Кетелер мен Шөмекейлер!



Ауылға барғанда
Мүлде өзгеріп кетіпсің-ау, ауылым,
Кішірейіп қалғандай ма қауымың?
Жүдеу тартқан ағайынды көргенде,
Сызат түсіп, сыздады ет бауырым.

Балалықтың іздері жоқ сайраған
Сұрғылт тартып кеткендей ме айдалам?
«Қалқам-ау» – деп кезек сүйіп бетімнен,
Жаны қалмай жүгіретін қайда ағам?

«Біздің үйге қонсайшы» деп қинайтын,
Көрінбейді құрбы қызым қимайтын.
Қатары да апалардың сирепті,
Анашымнан бір кем көрмей сыйлайтын.

«Шырайлым-ау, келдің бе?» деп тұратын,
Нені айтсаң да әзілге артын бұратын.
Азайыпты еркелейтін жеңгелер,
Емеурінді ерініңнен ұғатын.

Жасағанмен бас изеп жай мәзірет,
Танымаймын қол алмаса өзі кеп.
Ақжаулықты әжелердің бірі жоқ,
Кемсеңдейтін «көкесінің көзі» деп.


Бұрынғыдай барлық үйге кірмеймін,
Танымайтын жанға өзімді кім деймін!
Ұры уақыт өзгертіпті аулымды,
Бөтен тартып барады ма, білмеймін!?

Күлбарам СӘДУАҚАСҚЫЗЫ
16 маусым 2020 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031