» » » Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Поэзия! Менімен егіз бе едің?


Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

Бүгін саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туған күні аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде "Поэзия, менімен егіз бе едің..." деген тақырыппен аталып өтті. Әдеби-сазды поэзиялық кеш прологпен Мұқағалидың ой үстінде өлең шығаруы, өз қиялымен арпалысы сахналанды.
Поэзия кешінің шымылдығын ақын, Гүлжанат Дүзенова және Сырым Әділбековтер арнау жырмен ашып, жас жыршы Руслан Өтегенов пен Әлішер Мырзағалиевтер ақынның сөзіне жазылған әндерді тыңдарман жүрегіне жеткізе білді. Мұқағали тойында поэзия сүйер көрермендер де ақын өлеңдерін жатқа әсерлі оқып, белсенділік танытқаны көңіл қуантты. Сонан соң аудан өнерпаздары Махамбет Мадияр ақынның асқақ өлеңдерін оқыса, "Тұрмағамбет" атындағы ақындар үйірмесінің жас шәкірттері "Мұқағалиша" жырлады. Шара соңында Шакизада Ғалымжан әннен шашу шашты. Сезім кешінің құрметті қонағы ардагер ұстаз Қаратаева Райкүл апай және ақын, Сәрсенкүл Жаудатбекқызы кештен алған әсерлерімен бөлісіп, өз алғыстарын айтып, кешті қорытындылады.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді, таба бермек...

10 ақпан 2023 ж. 866 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930