» » «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақын өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп кітапханашысы Ж.Құсайынованың ұйымдастыруымен «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды сағат өткізілді.
«Бүгін менің туған күнім» өлеңімен ашылған шара барысында аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылып, «Менің анкетам» өлеңінен және Мұқағали ақынның өмірі мен шығармашылығынан көрініс көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбалар жазғандар жайлы сөз қозғады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүргені анық. Осы әдеби сазды сағат барысында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әндері орындалды.
09 ақпан 2023 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930