Ақиық ақын – 90 жаста
Биыл ақиық ақын, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған тау тұлғалы Мұқағали Мақатаевтың дүние есігін ашқанына да 90 жыл толып отыр. Бүгінде әр қазақ оның қаламынан туған жырлардың кемі бір шумағын жатқа біледі, сөзіне жазылған әнді жүрген жерінде шырқап жүреді.
Ақынның туған күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапханада "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеште кітапхана оқырмандары Әуезхан Нұрабаев ақынның "Арыз жазып кетейін" өлеңін оқыса, Нұрайым Сағадилова "Шыда, шыда", Назима Сарбасова "Поэзия" өлеңдерін оқырмандарға оқып берді. Сонымен бірге №121 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандарының орындауында "Сенің көзің" атты әні шырқалды.
Иә, бұл кеште ақиық ақынның сырлы, әуенді, мұңды жырларына оқырман қауым тамашалап қайтты. "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.
Жыл керуені алға жылжыған ақиық ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы – жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәуле шашқандай жарқырап айшықтала түсуде. Мұқғали Мақатаевтың 90 жылдғына арналған іс-шаралардың легі кент кітапханасында жалғасы тапты. Кітапханада "Жырлайды жүрек" тақырыбында поэзия кеші өтті.
Кеште жыраулар үйінің қызметкері Руслан Өтегеновтің орындауында ақынның "Қайран жеңгем", "Есіңе мені алғайсың" әндерін орындап, көпшілік назарына ұсынды. Мұнан соң ақынның өмір жолына негізделген бейнеролик көрсетілді. Әсем әннің жалғасын кітапхана оқырманы Гүлімай Баймаханова жалғады. Келесі кезекте №26 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқуылшылары ақын өлеңдерін жыр шашу етті.
Кеш соңында белсене қатысқан оқырмандарға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева алғыс хат табыстады.
А.САҒЫНТАЙ