» » Қасиетті өнердің қарагері

Қасиетті өнердің қарагері

Айналайын, Арнұр бауырым-ай! Өзіңнен біржола айырылып қалғанымызға да жыл болып қалыпты. Арма деп ауруханаға іздеп барып, көңіліңді көтеруге тырысқаным, қатарымызға қайта қосылуға тілекші болғаным есіме түсіп отыр. Сонда шешіліп, әсерлі әңгіме соғып едікау, тектім-ай!
Зымыраған уақыт-ай... Ізі жоқ ұшақ секілді. Кеше ғана деген нәрсе көз бен қастың арасында жылға айналып жатыр. Қым-қуыт тіршілікпен бірен-саран жағдайды байқамай қалуымыз мүмкін, әйтпесе ауылдан алыстап жүргенде ел туралы елеңдеп тұратынның бірі менмін ғой. ...Бүгін Арнұрдыңбейнесі көз алдымнан кетпей қойды. Күміс көмей Көшеней көкемнің көзі де, өзі де өзің едің ғой. Жеті атасынан жыраулық дәстүрді жалғаған әйгілі әулет қазақтың ұлы даласында дарабоз болатын. Бір өзі бір мектеп атанған жампоз Жиенбай жыраудың жолы әлі асқақтап тұр. Әкесі Дүзбенбет те қолынан домбырасы, аузынан сөзі түспеген, елге сыйлы, айналасына ардақты, қауымға қадірлі, белгілі жыршылардың бірі болған.
Көшенейдің әкесі Рүстембектің «Көрұғлы» дастанын қалай жырлағанын білсеңіз ғой. «Шіркін-ай, жата-жастана құлақты кең тосып, тыңдай бергің келетін-ді» дейді екен көз көрген буын өкілдері.
Жыр майданының жалаугер жауынгері, бүгінгі беделді жырау Бидас Рүстембековтің айтуынша, Жиенбай жыраудың киесі сары жолбарыс болыпты. Жыр жорығында сары жолбарыс құйрығын бұлаңдатып Жиенбайдың алдына түсіп айбатымен жебепжелеп отырады екен. Аруақты әулеттің даңқы ғасырданғасырға ұласып, тізгін Арнұрға тигендей ол да қамшы салдырмас, қасиетті өнердің қарагері еді-ау. Қоңыр дауысты қара домбырасын қолына алып, қара өлеңнің қасқа жолына түсіп, көмейдің кеңістігін кең ашып, ұзақ сонар жырлаған күндер де кеше сияқты еді. Бәрі де қас-қағым сәт секілді.
Көшеней ағамыздан 4 бала бар. Текті тұқым емес пе, төртеуі де тегін емес, термені де төгеді, жырды да жырлайды. Мақамды бір мысқал бұзбайды. Шүкір ғой, ұлы дәстүрдың ізі жоғалған жоқ. Тек... Иә, Арнұрдан ерте айырылып қалғанымыз болмаса...
Елу жастан жаңа ғана асқан Арнұрды бүкіл Сыр өңірі жоқтады. Белгілі айтыскер ақын, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Серік Ыдырысов сонда:
«Шығарып кеттің жарыққа,
Көшпан жыраудың барлығын.
Керек едің ғой халыққа,
Арманда кеткен Арнұрым» деп жоқтағаны жүректі қатты тебіренткен болатын.
Бүгін осы ойлар еске оралып, кешегі күндерге көз жібердім. Асылдың сынығы, тектінің тұяғы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» Арнұр Көшенейұлының қайтпас сапарға кеткеніне бір жыл толып қалыпты. Тірінің қолынан тек еске алып, дұға жасау ғана келеді.
Руслан РҮСТЕМҰЛЫ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты
13 наурыз 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 790

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031