» » » Қармақшыда "Қазақтың күміс көмей Көшенейі" атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауы өткізілді

Қармақшыда "Қазақтың күміс көмей Көшенейі" атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауы өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданы Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар Үйінде есімі күллі қазақ даласына танылған жыр дүлдүлі,жыр мектебінің үздік өкілі, жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақтың күміс көмей Көшенейі" тақырыбында Облыстық жас жыр-термешілер байқауы өткізілді.
Жыр байқауын Қармақшы ауданының әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы ашып, өмірден ерте кеткен қазақтың жырау-әншісі, жеті атасынан өнер дарыған сегіз қырлы, бір сырлы талантты Көшеней Рүстембекұлының артына қалдырған өнегелі ісі туралы және өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтып, байқауға қатысушы жас жыр-термешілерге бүгінгі додада сәттілік тіледі.
Шара барысында бүгінгі күннің аспанын жыр жауһарымен әуелететін,талай шаршы топта шашасына шаң жұқтырмай жұртшылықты жыр жаһұтына бөлейтін, жасампаз жырауларымыздың көшінің алтын бұйдасын қолына ұстаған жас жыр-термешілер жыр сүйер қауымға жырдан шашу шашып,өнер сүйер халықтың шөлін басып,рухани демалыс сыйлады.
Сондай-ақ жырдан жеңімпаз жүлдегер атанған жас жыр-термешілер көрмен көңілінен шығып, әділқазылар шешімімен арнай Алғыс хаттарға ие болды.
Елінің жарық жұлдызы болған, Қазақстан аумағын жыраулық өнерімен дүр сілкіндірген Көшеней Рүстембековтың есімі мәңгі жүрегімізде сақтала бермек.
25 қараша 2022 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930