» » Мұзарап – жыр жүйрігі, ән шырағы

Мұзарап – жыр жүйрігі, ән шырағы

Хабарыңды жыр елім алып тұрып,
Шығайын жолға тұмар тағып тұрып.
Саған аз күні-түні тұрсам-дағы,
Миллион еңбегімді сарып қылып.

Сырыңа сан жеткісіз қанықтырып,
Жолыма сәуле шаштың жарық қылып.
Ордасы ән мен жырдың жан біткенді,
Жырыңа жатырмысың қарық қылып.

Өлеңде болмаған еш шабыт құрып,
Алайын шаттығымды барып тұрып.
Мұзбалақ Мұзараптың шайырлығын,
Шашайын жер мен көкке дәріп қылып.

Атағы алты Алашқа болған мәлім,
Жарылқап жыр киесі қонғандарым.
Келеді көшін бастап Сырдағы елдің,
Жыр-терме, өсиетті толғамдарың.

Ешнияз – Сүлейлердің саңылағы,
Салдықпен сара жолы танылады.
Қол созып заңғар көкке тұрған жоқ па,
Күмбезді көтеріліп шаңырағы.

Жолына сүлейлердің түсіп елі,
Асырған ата даңқын Жүсіп еді.
Жасап ап ертелі-кеш жырдан дұға,
Тәңірдің сөзін жерге түсіреді.

Жалғасқан бабадан жыр баласына,
Жетпес байлық емес пе бағасына?
Мұзарап салған шырқап Балымша да,
Тарады бүкіл қазақ арасына.

Мұзарап – жыр жүйрігі, ән шынары,
Баулыған талай сұңқар, қаршығаны.
Қып-қылдай қаламыммен қазып келем,
Ән-жырдың алтын кенін аршығалы.

Елімде аты мәлім Сабыт деген,
Жүрегі бірге соққан халықпенен.
Ардақтап ата даңқын абыроймен,
Белдескен жырда талай алыппенен.

Жалғасқан төрт ұрпаққа өнер деген,
Құдірет бұл не деген шебер дер ем.
Бабадан бөбегіне қонған жыр да,
Деп тұр ғой бара-бара кемелденем.

Өліні тірісіндей ұмытпаған,
Елімсің жырды биік ұлықтаған.
Қойды ғой маза бермей аруақты жыр,
Түскендей бір ұшқыны сынып маған.

Біліп ем боларын той осылайын,
Үйіріме жүйріктей қосылайын.
Бүгін тойы мұзбалақ Мұзараптың,
Тек тойға баруға мен асығайын.
Т.ДОСЫМОВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
06 тамыз 2025 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031