
ЕР МАҒЗАМАН МЕН АЙТҚҰЛДЫҢ ДОСТЫҒЫ
Атам (біз оны бапа дейтінбіз) – Қожаберген өте әңгімешіл кісі еді. Жеті атасының тарихын жік-жігімен көсілте айтқанда, тыңдаушысы тамсанатын, сан ғасырлық оқиғалардан әңгіме шерткенде арқаланып кететін де әдеті бар. Атам қолының місекері бар шебер, ұста адам. Аз ғана уақыттың ішінде шалт қимылдап, киіз үйдің...
















