» » АДАЛДЫҚ – КӘСІБИЛІКТІҢ АЙНАСЫ

АДАЛДЫҚ – КӘСІБИЛІКТІҢ АЙНАСЫ

Қоғамда сенім мен әділдік орнату үшін ең алдымен заңдылық пен адалдықты басшылыққа алу қажет. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында бұл ұстаным күнделікті жұмыстың негізіне айналуы тиіс. Себебі халықпен тікелей жұмыс істейтін әрбір қызметкердің сөзі мен ісі қоғамдық көзқарасқа тікелей әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық – бұл тек құқық бұзушылық емес, ол адамның кәсіби және моральдық құндылықтарынан алыстағанын көрсететін әрекет. Бұл құбылыстың салдары тек заңмен ғана өлшенбейді – ол адамдар арасындағы сенімнің жоғалуына, мемлекеттік басқару жүйесінің әлсіреуіне әкеледі.
Мемлекеттік қызметте жүрген әр маман өзінің әрекетіне ғана емес, сонымен қатар сөзіне, қарым-қатынасына, шешім қабылдау стиліне де жауапты. Жұмыс барысында туындайтын кез келген жағдайға заң шеңберінде, бейтарап және әділ түрде қарау – кәсібиліктің көрінісі.
Біздің басқармадағы жұмыс – бұл тек санитариялық-эпидемиологиялық бақылау емес, бұл халық денсаулығына қатысты үлкен жауапкершілік. Осындай маңызды салада қызмет ету үшін тек білім мен тәжірибе ғана емес, парасаттылық, ішкі тәртіп және адал ниет те қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек ережелермен шектелмейді. Бұл – ең алдымен жеке таңдау. Әр қызметкер өз ортасында оң үлгі болып, пара бермеу мен алмаудың мәдениетін қалыптастырғанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Сондықтан да, бұл күрес – жоғарыдан емес, төменнен, яғни әр адамнан басталуы керек.
Мемлекеттік қызметші ретінде мен үшін басты басымдық – қызметті адал атқарып, халық сеніміне селкеу түсірмеу.
Адалдық – қағазда емес, әрекетте көрінетін қасиет. Сол себепті де әр жұмыс күні – бұл таңдауыңның дұрыстығын дәлелдейтін мүмкіндік.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру үшін заңмен ғана емес, адамдық ұстаныммен де күрес жүргізу маңызды. Бұл – жалғыз мемлекеттік міндет емес, бұл – әр қызметкердің, әр азаматтың ар алдындағы жауапкершілігі.
Бейбітов Нұрлан,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
25 шілде 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930