Сыбайлас жемқорлықпен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу
Фото
Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтарды алдын алу шаралары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында басқарма қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, әдептілік нормаларын және басқа да актілерді түсіндіру тақырыптарында жыл басынан бері 3 семинар мен 2 дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттау мақсатында аудан көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралары, мемлекеттік органның қызметі жайлы басылымдар тұрақты негізде шығарылып тұрады. Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық көрінісінің фактілерін анықтаған жағдайда азаматтардың іс-қимылдарының тәртібін түсіндіру, басқарманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша уәкілетті органның сенім телефоны көрсетілген. Одан басқа, жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына екі рет жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын жалпы стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және әдептілік кодексі бұзушылықтарын алдын алу мақсатында, Қызылорда облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Сердалиев Талғат Сайлаубаевич жыл сайын тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Facebook парақшасында басқарма басшыларының және оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесі сондай-ақ, «сенім телефоны» орналастырылған. Басқарма ғимаратында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген жағдайдағы жауаптылықтар көрсетілген стендтер орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін деректерді қабылдау «бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асырылады және бұл салалық басқарма мамандарымен тікелей байланысты болдырмайды сонымен қатар «Е-Лицензия» интеграцияланған ақпарат жүйесі аясында «онлайн режимде» ақпараттық жүйесі өз қызметін атқарады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген, заң мен әділдікке деген, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» деп аталады. Осы баптың 1-ші тармағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі екені көрсетілген.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселе екені баршамызға белгілі. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Ә.Машарапов,
Қармақшы аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
Қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы